Эмбриология



Pdf көрінісі
бет211/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Интрамуралды өрімдер. 
Автономды жүйке жүйесінің нейрондарынын 
біршама мөлшері жүйкелендіріліп отырған мүшелердің жүйке өрімдерінің 
кұрамында жинакталған: ас корыту жолдарында, жүректе, куыкта және т.б.


11.4. Автономды жүйке жүйесі
337
11.8-сурет. 
А в т о н о м д ы ж ү й к е ж ү й е с ін ің н е й р о н д а р ы ж ә н е ж ү й к е т а л ш ы қ та р ы : 
а
— 
а в т о н о м д ы т ү й ін н ің н е й р о н д а р ы : 1 — ү з ы н а к с о н д ы н е й р о н ; 2 — а к с о н ; 3 —
б ір к е л к і-ө с ін д іл і н е й р о н д а р ; 4 — г л и о ц и т т е р д ің я д р о л а р ы ; б — а д р е н е р ги я л ы қ
н е й р о н д а р (В . Л . А р б у з о в т ы ң п р е п а р а т ы ); в — а д р е н е р ги я л ы қ ж ү й к е т а л ш ы ғы
(Т. Н. Р а д о с т и н а н ы ң п р е п а р а т ы ). Ф а л ь к ә д іс і
Интрамуралды өрімдердін түйіндерінде, баскдцай автономды түйіндер 
тәрізді, эфферентті нейрондармен катар, жергілікті рефлекторлықдоғалардың 
рецепторлык және ассоциативті жасушалары да болады. Интрамуралды 
жүйке өрімдерінде морфологиялык тұрғыдан Догелдін сипаттаған үш түрлі 
жасушаларын айырады. Ұзынаксонды эфферентті нейрондарда (1 типті 
жасушалар) көптеген кыска тармакталатын дендриттер және ганглийден 
алыска кететін, ұзын нейрит (11.8-суретті караңыз, 
а).
Өсінділері біркелкі 
(афферентті) нейрондарда (II типті жасушалар) бірнеше өсінділер болады. 
Морфологиялык белгілері аркылы олардың кайсысы аксон екенін ажыра- 
ту мүмкін емес, өйткені өсінділер тармакталмастан жасушаның денесінен 
алыска кетеді. Эксперимент аркылы олардың нейриттері I типті жасушалар- 
да синапстар кұрайтыны аныкталған. III типті (ассоциативті) жасушалардан 
шыккан өсінділер көршілес ганглийлерге барып, олар сол жерде олардың 
нейрондарының дендриттерінде аякталады.


338
11-Тарау. Жүйке жүйесі
Ас 
корыту 
түтігінің 
интрамуралды 
жүйесі 
(энтералды 
жүйс) 
айрықша 
ерекшеліктерімен сипатталады. Ас корыту түтігінің кабырғасында кұрамында 
жүйкелік талшыктардың шоғырларымен байланыстырылған жүйке жасушаларының 
жиынтыктары бар үш жүйке өрімі орналасады: сіріасты, бұлшык ет-ішектік және 
шырышасты (1 1.9-сурет). Олардың ішінде ең үлкен жүйке өрімі — бұлшык ет- 
ішектік — бойлай және айналмалы бұлшык ет кабаттарының арасында орналаскан.
11.9-сурет. 
A c қ о р ы т у т ү т іг ін ің и н т р а м у р а л д ы ө р ім і (А. 
Д. 
Н о з д р а ч е в б о й ы н ш а с х е ­
м а ): I — ш ы р ы ш т ы қ а б ы қ ш а ; II — ш ы р ы ш а с т ы н е гіз ; III — б ұ л ш ы қ е т қ а б ы қ ш а с ы ; 
IV — с ір л і қ а б ы қ ш а . 1 — ш ы р ы ш а с т ы ө р ім і; 2 — б у л ш ы қ е т -іш е к т ік ө р ім ; 
3 — с и м п а т и к а л ы қ га н г л и й ; 4 — п о с т г а н г л и о н а р л ы қ с и м п а т и к а л ы қ т а л ш ы қ т а р ;
5 — а ф ф е р е н т т і т а л ш ы қ т а р (ж у л ы н г а н г л и й ін ің н е й р о н д а р ы н ы ң д е н д р и т т е р і);
6 — п р е г а н г л и о н а р л ы қ с и м п а т и к а л ы қ т а л ш ы қ т а р ; 7 — к е з б е ж ү й к е н ің а ф ф е р е н т т і 
т а л ш ы қ т а р ы ; 8 — ж е р гіл ік т і р е ф л е к т о р л ы қ д о ғ а л а р д ы ң а ф ф е р е н т т і т а л ш ы қ т а р ы


11.5. Бас миының және жулынның қабықшалары
339
Электронды микроскопиялык және гистохимиялык әдістермен бүлшык ет аралык 
өрімде, ішектің кимылдаткыш белсенділігін коздыратын холинергиялык нейрон- 
дар, және, адренергиялык және адренергиялык емес (пуринергиялык) нейрондардан 
түратын, тежегіш нейрондар аныкталған. Морфологиялык тұрғыдан пуринергиялык 
нейрондар перикарионда және өсінділерінде ірі көлемді (көлемдері 80—120 нм) 
электрондытығыз түйіршіктердін болуымен синатталады. Интрамуралды вегетативті 
ганглийлердін 
кұрамында 
біркатар 
гормондарды 
(вазоинтестиналды 
пептид, 
Р заты, соматостатин және т.б.) өндіретін пептидергиялык нейрондар да болады. 
Бүл нейрондар жүйкелік және эндокриндік кызметтерді аткарады деп есептеледі, 
сонымен катар, әр түрлі мүшелердің эндокринді аппараттарының кызметін де моду- 
ляциялайды. Мүшенін бұлшык ет тінінде интрамуралды өрімдердін нейрондарының 
постгантлионарлык талшыктары терминалды өрімдерді түзейді, олардың жіңішке 
бағандарында бірнеше варикозды жуандамалары бар аксондар ажыратылады, Вари- 
козды жуандамаларда (ені 0,1—0,5 мкм) синапстык көпіршіктер және митохондриялар 
болады. Варикоз аралык аймактар (аралары 0,1—0,5 мкм) нейротубулалар және ней- 
рофиламенттермен толтырылған. Холинергиялык жүйке-бұлшык ет синапстарының 
синапстык көпіршіктері ұсак аш ык түсті (көлемдері 30—60 нм), адренергиялык 
синапстарда — үсак түйіршікті (көлемдері 50—60 нм).
1 1 .5 . БАС МИЫНЫҢ ЖӘНЕ ЖҰЛЫННЫҢ 
ҚАБЫҚШАЛАРЫ
Бас миы және жұлын үш: ми тіндеріне тікелей жанаса жаткан — жұмсак, 
торлы және бас сүйегінің омыртқаның сүйек тінімен шектесе орналасқан — 
катты кабыкшалармен капталған.
Мидын жұмсак қабықшасы ми тіндеріне тікелей жанасып орналасады 
және одан шеткі глиалды мембранамен бөлінеді. Кабыкшаның борпылдак 
дәнекер тінінде миды коректендіруші көптеген кан тамырлары, жүйке 
талшыктарынын біраз мөлшері, аяккы аппараттар және жекелеген жүйке жа- 
сушалары болады.
Мидың торлы қабыкшасы борпылдак талшыкты дәнекер тінінің жұка 
қабатынан кұралады. Оның және мидын жұмсак кабыкшасының арасын- 
да, коллаген талшығының жіңішке шоғырынан және жіңішке эластикалык 
талшыктардан тұратын, трабекулалар (калкалар) торы аныкталады. Бүл 
тор кабыкшаларды бір-бірімен байланыстырады. Мидың үстіңгі рельефін 
кайталайтын мидың жұмсак кабыкшасының және биіктеу аймактардан өтетін, 
бірак катпарлардың ішіне кіре алмайтын торлы кабыкшалардың араларында 
торлы кабык астылык (субарахноидальдык) кеңістік орналаскан, оны жіңішке 
коллагенді және эластикалык талшыктар тесіп өтеді және кабыкшаларды бір- 
бірімен біріктіреді. Субарахноидалды кеңістіктер ми карыншаларымен байла- 
нысты және ішінде цереброспиналды сүйыктык болады.
Қатты ми кабыкшасы тығыз талшыкты дәнекер тінінен кұралған, оның 
кұрамында эластикалык талшыктар көп мөлшерде аныкталады. Бас сүйегінің 
ішінде катты кабыкша сүйек үсті кабыкпен тығыз бірігіп кеткен. Жұлын ка- 
налында катты ми кабыкшасы омырткалардың сүйек үсті кабығынан эпиду- 
ралды кеңістікпен бөлінеді, оның іші борпылдак талшыкты дәнекер тінмен


340
11 -Тарау. Жүйке жүйесі
толтырылғандыктан. катты кабык біршама козғалмалы болады. Мидың катты 
және торлы кабыкшаларынын арасында субдуралды кеңістік орналаскан. 
Субдуралды кеңістікте аздаған сұйыктык аныкталады. Субдуралды және су- 
барахноидалды кеңістіктер жағынан кабыкшалар глиалдык негізден пайда 
болған жазык жасушалар кабатымен капталған.
1 1 .6 . ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АДАМНЫҢ ЖАСЫНА 
БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Ерте постнаталды кезендегі орталык жүйке жүйесіндегі өзгерістер оның 
пісіп-жетілуімен байланысты. Нәрестелердің кыртыстык нейрондарына ядро- 
цитоплазмалыкаракатынастың өте жоғары деңгейде болуы тән. Адамның жасы 
ұлғайған сайын нейрондардын көлемі, цитоплазманың мөлшерінің ұлғаюына 
байланысты, өсе түседі. Бүл кезде жасуша көлемінін ең жылдам ұлғаюы 
(алғашкы 3 айда) II және IV кабаттарда орналасатын пирамидалык нейрон- 
дарда байкалады. Баяулау ұлғаю түйіршік-жасушаларға және IV кабаттың кіші 
пирамидалык нейрондарына тән. Синапстык байланыстардың да саны артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет