Эмбриология



Pdf көрінісі
бет322/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

(endocrinocytus thy-
rotropicus)
деп немесе 
тиротропоциттер
деп аталады.
Егер организмде тиреоидты гормондардын — йодотирониндердің жет- 
кіліксіздігі байкалса, тиротропоциттердің кайта кұралуы өтеді. Тиротропиннін 
бөлінуі жоғарылап, кейбір тиротропоциттердің көлемі әжептеуір ұлғаяды, 
эндоплазмалык тордың цистерналары кеңейіп, жасушалардын цитоплазмасы 
кең үялы торга ұксай бастайды. Бұл цистерналарда бастапкы гиротропо-


15.2. Эндокринді жүйенің орталық мүшелері
497
15.5-сурет. Аденогипофиздің безді жасушаларының ультрамикроскопиялық 
құрылысы (Б. В. Алешин бойынша): 
а —
гонадотропты фолликулбелсендіруші жа- 
суша; 
б
тиротропты жасуша
в —
соматотропты жасуша; г — лактотропты (мам- 
мотропты) жасуша; 
д
— кортикотропты жасуша; е — тиреоидэктомия жасушасы; 
ж — кастрация жасушасы; з — псевдофолликулдың фолликулярлық жұлдыз тәрізді 
жасушасы. 1 — ядро; 2 — Гольджи кешені; 3 — митохондрия; 4 — эндоплазмалык, 
тор; 5 — секреторлықтүйіршіктер; 6 — вакуоль; 7 — микробүр; 8 — коллоид тәрізді 
затпен толтырылған псевдофолликулдың қуысы


498
15-Тарау. Эндокринді жуйе
циттердегіден көлемі үлкенірек альдегидфуксинофилді гүйіршіктер табыла 
бастайды.
Осылайша вакуольденген тиротропоциттер тироидэктомия жасушалары 
деген атка ие (6-тараудын 15.5-суретін караңыз).
Ацидофилді эндокриноциттерге 
(endocrinocytus acidophilus)
кышқыл бо- 
яуларды кабылдайтын, ірі көлемді, тығыз нәруыздан түратын түйіршіктер 
тән (3-тараудың 15.5-суретін караңыз). Көлемдері бойынша бүл жасушалар 
базофилді жасушалардан біршама кішіректеу, бірак олардын саны гипофиздін 
алдынғы бөлігінін барлык аденоциттерінін 30-35% түзейді. Олардын пішіні 
дөнгелектеу немесе сопакша болады. Ядролары жасушаның ортасында орна- 
ласады. Түйіршікті эндоплазмалык тор өте жаксы дамып жетілген.
Ацидофильді эндокриноциттердің
де екі түрі ажыратылады. Біреулері — 
соматотропты эндокриноциттер (
endocrinocytus somatotropicus)
, немесе 
со-
матотропоциттер,
организмнің өсуін реттейтін өсу гормонын немесе 
соматотропинді өндіреді; баскалары — пролактинді (маммотропты) эндо­
криноциттер немесе пролактинді (лактотропты гормонды) өндіретін 
про-
лактиноциттер
(endocrinocytus mammotropicus seuprolactinocyti).
Пролактиннін 
негізгі маңызы сүт безінде сүттің биосинтезін белсендіру. Бұл гормонный 
бөлінуі әйелдерде босанғаннан кейін, лактация және нәрестеге емшек емізу 
кездерінде жоғарылайды. Сонымен коса, пролактин аналык жыныс безінде 
сары денешіктіц жұмыс аткаратын уакытын үзартады, осы әсеріне орай оны 
бүрын лютеотропты гормон деп атаған.
Соматотропоциттерде секреторлык түйіршіктердін пішіні шар тәрізді
олардың диаметрі 350—400 нм-ге дейін жетеді. Пролактиноциттер сопакша 
(овалды) немесе созылынкы пішінді (ұзындығы 500—600 нм және ені 100— 
120 нм), одан да іріректеу түйіршіктерімен сипатталады.
Хромофилді жасушалардың тағы бір тобы — кортикотропты эндокрино­
циттер (
endocrinocytus corticotropicus)
немесе 
кортикотропоциттер,
гипофиздін 
алдыңғы бөлігінінорталыкаймағын коныстанған, бүйрек үсті безінің шоғырлы 
аймағынын секреторлык белсенділігін үдететін нәруызды адренокортико- 
тропты гормонды (АКТГ немесе кортикотропин) бөліп шығарады. Олардын 
пішіндері дұрыс емес көпбұрышты, жасушаның ядролары бөліктенген, 
эндоплазмалык торлары жаксы жетілген. Секреторлык түйіршіктері мембра- 
намен коршалған көпіршіктер түрінде болып, ішінде тығыз нәруыздык өзегі 
орналаскан және өзек пен мембрананың арасында ашык кеңістік аныкталады.
Хромофобты 
эндокриноциттердің
цитоплазмасы 
бояуларды 
нашар 
кабылдайды және анык көрінетін секреторлык түйіршіктері болмайды. 
Хромофобты жасушалардын жалпы мөлшері 60% шамасында болады. Хро­
мофобты жасушалар тобы дифференцировканын әр түрлі сатысындағы 
және физиологиялык манызы да әркилы жасушалардан түзеледі. Олардын 
ішінде базофилді немесе ацидофилді жасушаларға айнала бастаған, бірак 
әлі арнайы маманданған түйіршіктерін жинап үлгермеген жасушалар- 
ды аныктауға болады. Баска хромофобты жасушалар, керісінше, толык 
маманданған жасушалар, бірак олар өздерінің базофилді немесе ацидофилді 
түйіршіктерінен каркынды түрде немесе ұзак уакыт бойы өнім өндіруінін


15.2. Эндокринді жүйенің орталық мүшелері
499
нәтижесінде айрылып калғандар. Маманданбаған жасушалар катарына хро- 
мофобты жасушалардык аз ғана бөлігі жатады және оларды 
резервте
тұрған 
жасушалар деп есептеуге болады. Хромофобты жасушалардын арасында 
фолликулалык жұлдыз тәрізді жасушалар кездеседі және ұзын тармакталған 
өсінділері болғандыктан, көлемдері кіші бола тұра, олар кентұзакты торға 
бірігеді. Өсінділердің кейбіреулері көрші эшкжриноциттердің арасымен 
өтіп, синусоидты кылтамырларда аякталады. Кейде жұлдыз тәрізді жасуша­
лар куыстарында гликопротеинді өнім жиналатын, кішіректеу фолликулға 
ұксас кұрылымдарға бірігеді. Мұндай жұлдыз тәрізді жасушалардын апикал- 
ды беткейлерінде фолликулдын куысына кіре орналаскан микробүрлер да- 
миды (8-тараудың 15.5-суретіне караныз).
Аденогипофиздің 
орталык, (аралық) бөлігі
эпителийдің жінішке жолағынан 
тұрады. Орталык бөліктін эндокриноциттері көрші эндокриноциттердің 
арасында жинакталуынын нәтижесінде, орталык бөлікте фолликулға ұксас 
кисталардың түзелуіне әкелетін, акуызды немесе шырышты өнім өндіруге 
кабілетті. Арткы бөліктен орталык бөліктін эпителиі борпылдак дәнекер 
тіннін жұка кабатымен бөлектенеді.
Аденогипофиздін орталык бөлігінде меланонит белсендіруші гормон (ме- 
ланоцитотропин) және липидтердің алмасуын арттыратын гормон — липо- 
тропин өндіріледі.
Аденогипофиздің тубералдық бөлімі
дегеніміз гипофизарлык аякшаға түйісе 
жаткан және гипоталамустың медиалды төмпешігінің төменгі бетімен жа- 
насатын бөлімі. Тубералды бөлік цитоплазмасы орташа базофилді болып 
келетін текшелі жасушалардан кұралған эпителиалдык созындылардан 
тұрады. Тубералдык созындылардан, орталык бөліктің эпителийлеріндегідей, 
алдынғы бөлікке трабекулалар бағытталады, тубералдык созындылардың 
кейбір жасушаларында аз да болса базофилді түйіршіктер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет