Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Арнайы медициналық топтарға арналған емдік гимнастика
2.Оқу орны мен мектептерде арнай медициналық топтарды құрастыру.
3.Мамандығына байланысты қолданатын емдік гимнастика.
4.Спортшыларды қалпына келтіруде және емдеуде емдік гимнастиканың әсері
5.Жоғары дәрежелі спортшылардын арасында кездесктін жарақаттар мен сырқаттар.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
Практикалық сабақтар, мазмұны.
№1сабақ.
Тақырып. Емдік гимнастиканың негізі.
Мақсаты: Жаттығулар жинағының тигізетін медико-биологиялық негізі: әлдендіру, қоректендіру, орнын толтыру, қалпына келтіру механизмдерінің негізінде емдік гимнастиканың тәсілдерін, әдістерін, формаларын оқып білу.
Сабақ жоспары: Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Әлдендіру механизмі
Арнайы тағайындалған жаттығулар нерв жүйесінде тежеу немесе қоздыру процестерін өзгерте отырып орталық күштің жұмысын реттейді. Мұның өзі оның басшылық қызметін арттырып, ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуын үдетеді. Бұл бұлшық еттер мен ішкі ағзалар арасындағы рефлекстің байланысынан туады. Үлкен бұлшық еттер неғұрлым көбірек қозғалса, әлдендіру әсері соғұрлым көбірек болады. Жаттығумен айналысқан адамның көңіл-күйі көтеріліп, науқастан құлан-таза жазылатынына сенім пайда болады. Ал сенім неге болса да тиімді әсер етеді. Сондықтан әрбір жаттығуды сеніммен, шын көңілмен жасаса, әркімнің де толық жазылуға мүмкіндігі мол.
Қоректендіру механизмі
Буындардан жоғары нерв жүйесіне баратын сезімдер (проприоцептік импульс) вегетативтік нерв жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді. Ал буын қимылдарынан денедегі зат алмасуы, қышқылдану-тотығу, қайта түлеп қалпына келу процестері жүзеге асады. Жұмыс істеген бұлшық етте ұсақ қан тамырлары кеңейіп, керісінше ағындап кетіп жатады. Қан айналымы үдеп, лимфа (ткань аралығындағы түссіз сұйық зат) айналымы жаңарады. Осының салдарынан дене қоректік затпен қамтамасыз етіліп, ауруға шалдыққан жер тез жазыла бастайды. Мәселен, сынған мүше жетіліп, қабынған организм басылып, тыртық болған тері бастапқы қалпына келе бастайды. Сөйтіп, қоректендіру механизмі денені семіп қалудан сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |