Табиғат факторлары — ауа, күн сәулесі, су — адам денесінің ауруға ңарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға да, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса да ептеп, мөлшермен қолданған жөн.
Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс режимдерін білу қажет. Оны емдеу профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, соны мақсат еттік.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Емдік гимнастиканың негізі.
2.Емдік гимнастиканың тәсілдері..
3.Емдік гимнастиканың әдістері.
4.Емдік гимнастика формалары.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
Лекция №4.
Тақырып.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.
Мақсаты: Жүрек –қан тамырлар ауруына және тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығуларын оқып білу.
Дәріс тезистері: Стенокардия — жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі. Мұның себебі жүрек ңан тамырлары бірден қысылып, белгілі бір жерде талаурап қан жетіспей қалады. Бұл қайғы-қасіретке душар болғанда, қызмет бабында қатты қиналғанда, әлсірегенде болатын жағдай.
Науқастың қатты ұстамасы басылған соң, электрокардиограммалық көрсету жөнді болса, емдік гимнастиканы бастайды. Оның негізгі мақсаты нейрогумаралды орталықты қалыпқа келтіріп, көңіл-күйді жайландырып, қан тамырларының жазылуына ықпал жасау.
Жаттығулар (1-таблица) шалқая жатқан бойда, оң жағына аударылып отырған кезде жасалады. Барлығы еппен, науқастың жағдайына қарай біртіндеп орындалады. Жаттығу мөлшері 15—20 минуттан аспайды.
Халық арасында жиі кездесетін ңан-тамыр ауруы — атеросклероз. Бұл созылмалы індет қан-тамырларының тарылуынан, ішкі бетіне май қосындыларының жабысуынан, дәнекер тканьдердің өсуінен болады. Осының бәрі тамырдың арнасын тарылтып, созылғыштық, икемділік, майысқақ қасиетінен айырады. Әлбетте, денеде қан ағыны тоқырап тоқтап қалады. Тканьдер мен органдар қоректік затқа тапшы болып, әр түрлі өзгерістерге душар болады. Ең көп зақым-данатын қолқа, жүректің ішкі тамырлары, ми, бүйрек, аяқтың ірі тамырлары. Атеросклероз асқынса тамыр жарылып кетуі немесе тығындалып қалуы ыктимал. Мұндай жағдай ми тамырларында болса инфаркке ұшыратуы мүмкін.
Атеросклероздың пайда болуына ықпал ететін іиш жағдай бар. Олар адамның шамадан тыс зорлануы, нерв жүйесінің қажуы, шаршау, ой еңбегінің дене еңбегінен бірнеше есе асып кетуі, кимыл-қозғалыстың тапшылығы, тамақтану мә-ишіетін білмеу, семіздік, мешкейлік, қант диабеті, тұқым қуалаушылық, гипертония ауруы.
Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуының бұзылуынан, атап айтқанда, холебтериннің қан құрамында табиғи мөлшерден көп кетуінің әсерінен болады. Холестерин — қандағы ең маңызды заттардың бірі. Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе, зияны да соншалық коп.
Егер қан құрамында холестерин өз мөлшерінен аз уақытқа болса да сирек көтерілсе (мысалы, майлы тамақ ішкеннен кейін), онда организм өзі күресе алады. Ал, мұндай жағдай ұзақ уақыт әрі жиі болса атеросклероз ауруына ұшыратады.
Холестериннің табиғи мөлшерден артығы көпшілікке түсінікті сөзбен айтқанда, күрделі көміртегі және кальций тұздарымен қосылып тамырдың ішкі қабырғасына шор болып байланады. Көбінесе бұл процесс қолқа, күре тамырлардан басталып, асқынғанда үсақ тамырларға да тарайды. Тамырдың ішкі бетіне біткен шор оны тарылтып, қан жүрісін қиындатады, кейде біржолата тоқтатып тастайды.
Аурудың белгілері, қауіптілігі қай тамырдың қаншалықты ауыр зақымдануына байланысты. Мысалға, жүрек-қан тамырлары атеросклерозға шалдықса, жүректің қыспа (стенокардия) ауруы басталып, жүрек етінің біржола жарамсыздығы-на дейін жеткізеді.
Егер ми күре тамырлары осы ауруға шалдықса адам ұмытшақ, көп сөйлегіш келеді, бастың айналуы, құлақтың шыңылдауы, ұйқының қашуы сияқты белгілер қосылады. Асқынған кезіңде мидағы қан айналымының қатты бұзылуынан сол ауруға ұшырау да мүмкін.
Бүйрек күре тамырлары атеросклерозға ұшы-раса, оның семіп қалуы, қан қысымы қатты кө-терілуі ықтимал. Аяқтың қан тамырлары зақымданса, балтырдың бұлшық еттері тартылып, адам ұзақ жаяу жүре алмайды. Аяқ үнемі мұздап тұрады.
Көп уақытқа дейін ғылымда атеросклероз тек. жасы 50-ді алқымдаған, адамның егде тартқан шағында кездесетін ауру, тіпті қан тамырлары-ның табиғи тозуының бір түрі деген ұгым орын алып келді.
Алайда, бүгінгі күнде атеросклерозбен жас адамдардың да сырқаттануы, тіпті сәбилік шақтан басталуы да мүмкін екендігі ғылым жүзінде дәлелденіп отыр. Холестериннің қан құрамында мөлшерден тыс, өте көп болатын түрлері, аса сирек болса да, кей семьяларда ұрпақтан-ұрпақ-қа жалғасады.
Атеросклероз ауруы тұқым қуаламаса да, организмнің кейбір бейімділігі, оның осы ауруға қарсы күресу мүмкіндігінің әлсіздігінен ұрпағына жалғасуы мүмкін. Осы әлсіздікті бірнеше есе күшейтетін, аурудың жас кезден басталып, тез асқынуына біздің күнделікті өмірімізде себепкер болатын, кейде біле тұра ескерілмейтін, көп жайлар бар. Соның ең бастысы — тамақтана білмеу.
Қоғамның, әр семьяның әл-ауқаты артқан сайын тамаққа сары май, қант, тәтті, жұмсақ тағамдар, майлы ет, жұмыртқа, қаймақ, кілегей, консервіленген тағамдар қолдану етек алып ба-рады. Ал, бұл тағамдарда холестерин өте көп. Оның есесіне май мен майлы тамақтар ішіндегі холестеринді байлайтын, оның қан құрамындағы мөлшерін азайтатын, ішектің жұмысын жақсар-татын есімдік клетчаткаларына бай дәмдерді асқа жарату азайды. Әрине, бұдан аталган тағам-дарды біржола ішпеу керек деген ұғым тумау керек.
Екінші бір көңіл аударарлық жай — қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене шынықтыру жатты-ғуларымен айналыоу, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу. Бұл да ғылымда дәлелденген жай. Аз қимылдау, асқазанда орын қалдырмай, сылқия тою, ерте жатып, кеш тұру денедегі зат алма-суының саябырлауы мен семіздікке әкеліп соғады. Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының пайда болуына, тез өршуіне әсер етеді.
Атеросклероз ауруының тағы бір қауіптілігі оның біртіндеп өршіп, асқынған уақытында гана білінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |