«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет7/42
Дата01.11.2022
өлшемі258,51 Kb.
#156008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
«Емдеу ж не бейімделу дене шыны тыру» О у- дістемелік кешені 050

Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.
2.Жүрек –қан тамырлар ауруына қолданатын жаттығулар.
3.Тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығулар.
Әдебиет:
1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.
2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.
3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год
4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.
5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.
Лекция 5
Тақырып. Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.
Мақсаты: Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастиканың тәсілдерін оқып білу..
Бүйрек және несеп жолдары ауруына, асқазан және ішек жолдары қабынуда қолданатын жаттығуларды қолдануды оқып білу..
Дәріс тезистері:
Ас қорытатын мүшелердің ауруына асқазан, 12 тұтам ішек (ұлтабар). ащы-тоқ ішектердің қабынуы, ойық жара (язва), рак, асқазанның төмен түсуі, бауыр мен өт жолдарының қабынуы жатады.
Аталған мүшелердің ауруы көбінесе созыл-малы болып кездеседі. Негізгі себептері: уақытында дұрыс тамақтанбау, улану (дәрі-дәрмек, қыш-қылдар және газбен, инфекцияға душар болу, теріс эмоциялық құбылыстар, орталық нерв жүйесінің нашарлауы, адамның жалпы қажуы, арақ-шарапқа, темекіге қүмарлық т. б.).
«Ас — адамның арқауы» деп халық текке айтпаған. Астың қорытылу процесі дұрыс жүрмесе, организмде, адамның бойында үлкен өзгерістер болады. Басқа мүшелердің де қызметі бұзылып, нерв жүйесіне әсерін тигізеді.
Жалпы белгілері: асқазан, ішек, өт, бауыр тұстарының ауруы, асқа тәбеті шаппай, кекіріп, айнып, лоқсып, құсу, іш өту, іш қату т. б.
Ас қорыту агзалары жогарғы нерв жүйесімен, көретін, еститін, сезетін түйсікті мүшелердің түпнұсңасымен (анализатор) тығыз байланыста. Сондықтан ми қабында, ми қыртысы астында болған өзгерістер ас қорыту мүшелерінің сөл бөліну, қозғалтушы (моторлы), сіңіру сияқты қасиеттеріне үлкен ықпал жасайды. Керісінше, осы мүшелер запа шегіп, ауруға шалдықса, мида, ми қыртысында кемшіліктер байқалып, адамның рухани күйі, ішкі сезімі өзгереді.
Сондықтан емдік гимнастика осы жағдайды теңестіру үшін, қалпына келтіру үшін кеңінен қолданылады.
Мөлшермен берілген жаттығулар ішек-қарынның қозғалу, қорыту, сіңіру қасиеттерін артты-рады.
Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасалған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің шығуына, астың қорытылуына, ішек-бұлшың еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, күшейте, үдемелі жасалған жаттығулар ішек-қарын жұмысын кемітеді; сөлдің шығуын азайтып, ішектің жиырылуын жайландырады.
Емдік гимнастика ңарын ішіндегі қан-лимфа ийналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің жазылуына септігін тигізеді.
Асқазан ңабынуы гастрит деп аталады. Асқа-ван сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына бай-іанысты гастрит аз сөлді, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді.
Асқазан сөлі аз жэне мүлде жоқ кезінде, бой-дағы бұлшық еттің барлығына бірдей жаттығулар беріледі. Тек орташа жылдамдықпен, асық-пай жасалады. Оның ұзақтығы 25—30 минут. (!ол сияқты жаяу жүру, жәй жүру, жәй жүгіру, кейбір спорт ойындарының түрі, диафрагмалық (көк ет) тыныс алу кеңінен қолданылады.
Ал сөлі көп адамдарға үлкен сақтықпен, әсі-ресе, іштің бұлшық етіне күш түсірмей, көпші-лікке танымал жаттығулар беріледі. Мұнда аяқ-қол қимылдары кеңінен қолданылады, ұзақтығы 30—35 минут.
Емдік гимнастика ертеңгі гигиеналық дене тарбиесінен бастап өз бетінше жүру, ескек есу, шаңғы тебу т. б. толықтырылады.
Асқазан, ішек-қарынға жара шыққанда (язва) адамның дегбірін кетіріп, жанға батып ауырады. Ол көбіне ашқарынға байқалады. Адамда әлсіз-дік, тынышсыздық, берекесіздік пайда болып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Асқазан қыжыл-дап, айнып, құсуға дейін барады. Оның асқын-ған түрі адамға тіпті азап береді.
Сондықтан аурудың белгілері байқалған бой-да дәрігерге қаралып, рентгенге түсіп, жедел ем-делген дұрыс.
Өзіне берілген арнайы емдердің ішінде адам-ның өзінен талап етілетіні: уақытында дұрыс тамақтану, тынығып ұйықтау және емдік гим-настиканы қолдану.
Емдік гимнастика ауру асқынбаған кезде жа-салынады. Оның мақсатьп.кең құрсақтың ішінде қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту, жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдыр-май тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген.
Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимыл-дарымен шектеледі. Ңұрсақ еттеріне күш түсіріл-мейді. Аяқты тізеден бүгіп-жазғанда табанды тө-сектен көтермей жылжытып отырады. Жаттығу-49 -лар қарқыны баяу, бәсең болады. ¥зақтығы 15— 20 минут.
Палаталық режимдегі науқас әр түрлі қалып та (отырып, тұрып, жатып) барлық бұлшық ет терді қозғайды, тек құрсаққа күш түсірмейді Ірі буындар қимылы жай қарқынмен орында лып, тыныс алуды қадағалайды. Жаттығула| жасағанда барлық ой-өрісті соған бағыштайдыі Бұл кезеңде жаттығудың ұзақтығы 30 минутқа ұзарады.
Бос режимде науқас көтеріңкі қуатпен жұмыс істейді. Ақырындап іштің бұлшық еттерін де қо-сады. Тек күш жұмсайтын, зорлайтын жаттығу-лар керек емес. Адамды еңбекке баулап, бау-бақ-шада, аулада жұмыс істеуге икемдейді; серуен-деу, суда жүзу сияқты дене шыныңтырудың түр-лерін біртіндеп қосып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет