III ТАРАУ МАССАЖДЫҢ ТҮРЛЕРІ Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спортық
массаждар сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі-адамның өзіне-өзі массаж жасауы
(самомассаж).
Емдік массаж. Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер
тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторий –
прафилакторий сияқты медициналық – мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап
отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі- дәрмекпен, физиотерапиялық
емдік гимнастикамен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар.
Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурулардың түріне, зақымдаған не жарақаттанған
жерге байланысты. Мәселен жүрек, қан – тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты,
гипортония, гипотония, ауруларына) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары аурғанда – басқа түрі,
орталық не шеткері нерв жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж
операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы әр аурудың өзіне тән қолданатын
массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар
адамдар ғана жасай алады
. Гигиеналық массаж. Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау
үшін,ауырудың алдын алу үшін, ерте қартайып – тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық
денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай
алады.
Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да
оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі
адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін)
біртіндеп таратылады. Әсіресе қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі
массаждың көмегі өте қажет-ақ.