«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет47/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

СИПАУ 
 
Қандай массаж болмасын барлығы тек осы сипаудан басталады. Оны бірінші орынға қоюдың 
өзінде үлкен мән бар. Өйткені емдік, спорттық, гигиеналық, өзін өзі массаждау – осы массаждардың 
бәрін сипаудан бастайды, бұл алғы шарт болып саналады. Сипау әр тәсілдердің арасында және 
массаждың соңында жасалады. Бір сөзбен айтқанда, сипаумен басталған массаж тек сипаумен 
аяқталады. Оны қаламайтын адам жоқ. Үлкен де, кіші де, дене еңбегімен айналысушы да, ой еңбегімен 
айналысушы да – бәрі де ұнатады. Өйткені сипау денеге ешбір қиянат жасамай, тек рахатқа бөлейді.
Сипау – адам қолының алақаны мен саусақтары арқылы тері үстінде жылжуы. Басбармақты 
алшақ ұстап, төрт саусақтары бірге, алақанды денеге сырғыта отырып, жәймен сипайды. Ол кезде тері 
жиырылмауы керек. Асықпай, жеңіл, еркін, белгілі ырғақпен орындалады. 
Массаж жасаушының қолы жұмсақ, бос, жылжығаны өте нәзік болады. Сипаған кезде шеткері 
лимфалар орталыққа қарай бағытталады. 
Емдің массажында үстіртін және терең сипаулар болады. Үстіртін жазықтықта сипау лимфа 
ағыны бойынша және оған керісінше де жүргізіледі. Қолды, аяқты сипаған кезде алақанмен қапсыра 
ұстап екі жағына бірдей жасайды. Мысалы, қолдың ұшы ісіп кетсе, онда жоғары жағынан бастайды; 
алдымен тоқпақ жілік, иықтың үсті, содан соң білек сүйектері, тек ақырында қолдың ұшы сипалады. 
Бұлшық ет талшықтарының бойын қуа сипау керек. Сонда ғана қан және лимфа саңлаулары ашылып, 
ағындары ұлғаяды.
Сипаған кезде қолға тиетін бұлшық ет, сіңір кездессе, қолды батырыңқырап жіберу қате емес. 
Еті аз буындардың тұсын, сүйектер шығып тұрған жерді үстіртіп сипайды, өйткені ол жерлерде нерв 
талшықтары жоғары орналасқан өте аз сезімтал болады. Қолдың қимылы нәзік, денеге сүйкімді болу 
керек. Бағыты лимфа түйіндеріне, қарай дедік. Мысалы, қолды сипағанда қолтыққа қарай, аяқты 
сипағанда шапқа қарай бағыттайды. Өйткені онда денедегі ең үлкен түйіндер орналасқан. Ал түйін бар 
жерді (тақымның асты, қолтық шап, омырау) еш уақытта сипамайды, тіпті массаж жасамайды да.
Адам денесінің әр жерін әр түрлі сипайды. Мысалы, арқа , бел, сан, бөксе – ауданына 
байланысты, кейде екі алақанмен кезек – кезек сипауға болады.
Егер бет, саусақтар, нерв талшықтары шығатын нүктелер, не нерв жүйесінің жүретін жолдарын, 
сипау керек болса, онда алақанның керегі жоқ, бас бармақтың шеткі буыны жетіп жатыр. Екінші – 


үшінші немесе 2-5 саусақтардың ұшымен бетті, саусақтарды, буындарды, қабырғалар арасын сипауға 
болады.
Жартылай жұмылған саусақтармен алақанды, табанды сипайды. 
Бүкіл алақанмен немесе жұмған жұдырықпен арқаны, ішті, кеудені, қол – аяқты сипайды.
Екі қолмен бірдей сипағанда қолдар қатарласып, не алма – кезек жүріп отырады.мысалы, бір 
қолмен желкеге жеткенде, екінші қол белден бастайды, біреуі біте берген кезде екіншісі бастап кетеді.
Денеге күштірек әсер ету үшін бір қолдың үстіне екінші қолды қойып , салмағын
Денеге күштірек әсер ету үшін бір қолдың үстіне екінші қолды қойып , салмағын арттырып та 
сипайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет