«ЕМДІК ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ. МАССАЖ» ПӘНІНЕН ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛДАР
Модуль 1. Емдік дене тәрбиесі
1.1.
Тақырып: «Емдік дене тәрбиесінің негіздері»
Дәрістің мақсаты
–науқас организміне дене жаттығуларының физиологиялық және
терапевттік әсерін оқып білу.
Дәрістің жоспары:
1.
Емдік гимнастиканың даму тарихы.
2.
Жаттығулар жиынтығының сипаттамасы мен классификациялары. ЕДТ формасы мен
әдістері.
3.
Емдік жаттығулар жиынтығының қолдану кезеңдері.
4.
Қимыл-қозғалыс режимдерінің медициналық реабилитациядағы кезеңдері.
Емдік гимнастиканың даму тарихы
Емдік гимнастика – қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің тиімді түрлерінің
бірі. Біздің елде ол негізінен советтік дәуірде ғана дамыса да өзінің түп-тарамын осыдан бірнеше ғасыр
бұрын, сонау ықылым заманнан бастайды.
Емдік гимнастиканың шығу және даму тарихына арналған ғылыми еңбектер көптеп
саналады, әсіресе емдік жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтауға П.Ф. Лесгафт, И.М. Саркизов-
Серазини, В.М. Мошков, Д.Ф. Шпаковский, т.б. сияқты ғылымдар үлкен үлес қосты.
Әр ғасырдың өзіне тән емдеу әдісі және соған сәйкес дене тәрбиесі болған. Мысалы,
бойындағы дерттен арылу үшін, адам табиғаттың сыйы – суды, жарық сәулені, әр түрлі
қимыл-
қозғалысты пайдаланған. Мәселен, Қытай, Үнді елдерінде жаттығуларды біздің дәуірімізге дейінгі
3000-1800 жылдары кең пайдаланған. Олар ішкі ағзалар ауырғанда, буындар зақымданған кезде тыныс
мүшелері арқылы дұрыс дем алуды мұқият қадағалаған. Сол сияқты массаж, ырықсыз қозғалыстар,
қарсыласу қимылдарын пайдаланған.
Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқынмен дамыған. Оған мол үлес қосқан
атақты ғалым – медициналық атасы – Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінгі 400-370 жыл) еді.
Ежелгі Рим медицинасында емдік гимнастиканың пайда болуына ықпал жасаған, үлкен
еңбек
сіңірген, атақты ғылымдар Целий, Цельс, әсіресе, белгілі рим дәрігері Гален болды (біздің
дәуірімізге 200-130 жылдар шамасы). Целий өз туындыларында көптеген созылмалы ауруларға қарсы,
міндетті түрде, дене тәрбиесін қолдану керектігін атап көрсеткен. Әсіресе сал, нерв жүйесі ауруларын
жазуда емдік гимнастика мен массаждың айрықша пайдалылығын дәлелдеген.
IX – X ғасырларда ғұлама ғылым, әлемге аты әйгілі ұлы дәрігер Авиценна (Әбу-Әли Ибн
Сина) осы салада үлкен еңбек жазып шыққан. Ол өз қағидасында күн сәулесін, ауаны және дене
тәрбиесін әр адамнаң жасына байланысты ұтымды пайдалануды ұсынды.
Орта ғасырда
дін ықпалы басым болғандықтан, медицина керенаулап, оған қоса емдік
гимнастика да тоқырап қалды.
Ғылым мен өнердің жаңарып қайта өрлеген дәуірінде дәрігерлік гимнастика туралы
туындылар қайтадан шыға бастады. Атақты ғалым Тисонның бірнеше еңбектері, Гофманның
«Ортопедия туралы трактаты», Меркуриалистің «Гимнастика өнері»
атты ғылыми анықтама кітабы
жарық көрді.
XVI – XVII ғасырларда Россияда медицина саласында аурудың алдын алу шаралары қолға
алынып, өскелең келешек ұрпақ үшін ең қажет нәрсе қимыл-қозғалыс, оның ішінде дене шынықтыру
жаттығулары деп тапты (М.В. Ломоносов, А.П. Протасов).
XVIII – XIX ғасырларда емдік қасиеті бар жаттығулар туралы пікірлер көбейе бастайды.
Европада Лингтің швед гимнастика жүйесі кең тарады. Көптеген емдік гимнастикалар шведтік
гимнастика жүйесінің бір тарауы болғанымен педагогикалық әскери және эстетикалық гимнастика
болып есептеледі. Линг гимнастикасының негізгі мақсаты – буындарды зақымдайтын ауруларға қарсы
емдік жаттығулар қолдану еді.
Осы кезде орыс терапия мектебінің негізін қалаушы М.Я. Мудров және көрнекті хирург Н.И.
пироговтың емдік гимнастикасын ішкі ағзалар ауырғанда, жарақаттанып жараланғанда қолдану өте
қажет деген тұжырымы кең тарады№
Емдік гимнастиканың кең таралуына үлкен ықпал жасаған ғалым П.Ф. Лесгафт. Ол
анатомиялық-физиологиялық
құбылысты негіздей отырып, дене тәрбиесін аурудың алдын алу ісінде
өте жоғары қойды.
Орыс ғалымдары А.И. Полунин, С.п. Боткин, П.И. Дьяконов, В.В. Горниевский т.б. өз
туындыларында емдеу гимнастикасына материалистік көзқарас тұрғысынан келді.
Дегенмен патша өкіметі тұсында Россияда емдік гимнастика қанат жайып дами алмады.
1921 жылы Демалыс үйлерін ашу туралы Халық комиссарлар Советі қаулы қабылдады. Онда
елімізде дене тәрбиесін дамытуға, оны халық игілігіне айналдыруға ерекше көңіл бөлді. Дене
тәрбиесінің денсаулық сақтау ісінде алатын орны белгіленді. Сондай-ақ осы сала қызметкерлері
алдына жаңа міндеттер қойылды. Демалыс үйлерінде тынығушылар үшін
арнайы жаттығулар
лайықталып алынып, олардың мөлшері, методикасы аурулардың әр тобына арналып құрастырылды.
1923 жылы алғаш рет емдік гимнастика туралы оқу құралы жарық көрді. Ол Қызыл Армия
санаторийлерінде, әскери медицинада қолданыла бастады.
Емдік гимнастика емханада, ауруханаларда әр түрлі күрделі операцияға дейін, одан кейін де,
акушерлік және гинекология нерв жүйесі салаларында, т.б. ауруларды емдеуге қолданылатын болды.
Тұңғыш рет Москвада (1928ж.) және Ленинградта (1932ж.) дене шынықтыру институттарында емдік
гимнастика кафедрасы ашылды. Сол сияқты мұндай кафедра Медицина институтында да ашылды,
сондай-ақ арнайы мамандырылған ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды. Олар емдік
гимнастикасының негізгі мән-мағынасын, әр түрлі
ауруларға қолдану әдістерін, тигізетін әсерін
айқындаумен шұғылданды. Бұған атсалысқан танымал Ғалымдар, білікті мамандар: И.М. Саркизов-
Серазини, В.Н. Мошков, А.А. Лепорский, Е,Ф, Древинг, В.В. Горниевская, В.К. Добровольский болды.
Осы ғалымдардың әрқайсысы-ақ емдік гимнастикасының қандай сырқатқа қолданатынын ашып
көрсетіп берді. Мәселен, жүрек-қан
тамыр ауруларында, ішкі ағзалар зақымданғанда қолданатын
жаттығуларға И.м. Саркизов-Серазини мен В.Н. Млшков өз еңбектерінде тиянақты түсініктеме берсе,
Е.Ф. Древинг, В.В. Горниевская омыртқа, буын ауруларына қолдану әдісін көрсетті, ал В.К.
Добровольский іш құрылысына операция жасалғаннан кейін қандай жаттығулар қолданылатынын
айтып берді.
Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық госпитальдарға күрделі емдеу
әдісінің құрамына міндетті түрде дене тәрбиесі немесе гимнастика енгізілді. Соның көмегімен қатарға
қосылған жауынгерлер де аз емес.
Соғыстан кейінгі жылдары емдік гимнастика тәсілін кеңейтіп өкпе, жүрек қан тамырларына
операция жасағанда, жүйке зақымданғанда, күйіп қалғанда т.б. еркін қолдана бастады.
Совет ғылымдары емдік гимнастиканы жеке дара пән ретінде қарамай, оны комплексті емдеу
әдістерінің бір тарауы деп қарады. Сонымен бірге, олар ғасырлар бойы әр елдің дәрегерлері қолданған
емдік гимнастикасының үлгілеріне жан-жақты талдау жасады.
Қазіргі емдік гимнастиканың тағы бір артықшылығы – ол тек жеке адамды ғана емес, жалпы
көпшілік қауымды қамтиды.
Денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндет –
аурудың алдын алу, жаппай
диспансерлік тексеруден өткізу, еңбекшілердің жалпы хал-жағдайын жақсарту. Осындай күрделі
міндетті орындауға емдік бағыттағы гимнастиканың қосар үлесі аз емес. Ол тек аурудың алдын алып
қоймай, оны емдеуге де үлкен ықпал жасайтыны белгілі.