Әмір темір басқыншылық жорықтары. Ноғай ордасы. Солтүстік қазақстан және батыс сібір. ӘБілқайыр хандығЫ



бет14/14
Дата08.02.2022
өлшемі24,04 Kb.
#123995
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ

Хандықтың әлсіреуі.
Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі бақталастық пен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған шонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы оймен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет