ҚОРЫТЫНДЫ
Тілдің бірнеше негізгі қызметтері бар: коммуникативтік қызмет; ақпаратты жеткізу; когнитивтік; эмоционалды-экспрессивті қызметі.
Тілдің эмоционалды-экспрессивті қызметі негізгі әрі маңызды қызмет болып саналады. Тіл тек қарым-қатынас құралы немесе ойды сыртқа шығарушы құрал ретінде жұмсалмайды, сонымен қатар тіл адамның эмоционалды және ойлау-сөйлеу әрекетін қамтамасыз ете отырып, сезіммен, эмоциямен тығыз байланыста болады.
Эмоция мен экспрессивтілік (туралы) жөніндегі ғылымдағы пікірлерге мән берсек, мұндай пікірлерді тек тіл біліміне қатысты емес барлық сала мамандарының еңбектерінен кездестіруге болады.
Мысалы, тілдегі осы мағынаға байланысты: «Сөз сөйлеушінің ойымен қатар, оның әр түрлі психикалық толқуларын білдіреді» - деп атап көрсетеді академик В.В. Виноградов. [1, 50].
Ал Э.Клаус сөздің тілдегі қызметін саралай келіп: «Сөз тек түсінісу құралы ғана емес. Тілдік белгілер, сондай-ақ, тыңдаушының қызығушылығын арттырып әңгімеге белсенді араласуына ықпал етеді» - деген пікір айтады. [2, 102].
Эмоция сөзінің төркіні – латын тіліндегі “Emoure” етістігі [3, 46]. Бұл орыс тіліндегі «возбуждать, волновать» (әсерлендіру, толқыту) деген ұғымды білдіреді.
Эмоционалдық құбылыс қолданылу аясы мен белсенділігіне қарай әрқилы болып келеді және эмоционалдық әсер неғұрлым күшті болса, одан көрінетін экспрессивтілік те ұлғая түседі:
Қанға бөгіп, аппақ болып есеңгіреп жатқан балғын денесі бар күнәдан бар азаптан арашалап алғысы келген көлдің көп толқындары өз ырқынан, өз арнасынан асып кете алған жоқ (Ардақ, 429).
Сөйлемнің эмоционалдық әсері өте күшті себебі, мұнда «қанға бөгу, есеңгіреу, күнә, азап» сияқты бірнеше семантикасынан эмоционалды сөздер мен сөз тіркестері қатар қолданылған және олардың әрқайсысының эмоционалдық реңі, мәні ерекше көзге шалынады. Соған сәйкес сөйлемдегі экспрессивтілік те айқын әрі анық болады. Енді тіл мамандарының эмоцияға берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Түркологияда бұл тақырыптың зерттелуі 50-жылдардан бастау алды десе де болады. Қазақ тілінің көрнекті өкілдері С.Қ. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, А.Т. Қайдаровтың еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, ондағы лексика-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу тәсілдері жайлы салмақты пікірлер айтылған.
Ал, А.Нұрмахановтың «М.Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты, бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Тілдегі эмоционалды элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоцияларды, ерікті білдіруде, ойды білдіруде де, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді [6, 918].
Тағы бір мысал:- «Тәңірім-ай, келдің бе? Деп екі бетін алақанымен басқан күйі шөге түсіп, еңіреп жылап жіберген әйел затына тән босаңдық немесе долдылықпен емес, көбік ата талқып-тасыған қуаныштан жылаған жыласын... жыласын» (Атау кере).
Келтірілген сөйлемдердегі эмоционалды мән айқын. Осындағы «Тәңірім-ай» сөзі одағай сөзі ретінде эмоционалды мәнге ие болса, табиғатынан эмоционалды «еңіреп» сөзіне одан кейін синонимдік қатармен берілген «жылап жіберді» сөзі тіркесіп оның көркемдік бояуын күшейтіп тұр. Алдыңғы ойлар тұрғысынан бұл сөйлемдерде экспрессивтілік бар ма? Деген сұрақ туындайды. Бұл сөйлемдегі сөздерде де эмоция мен бірге экспрессивтілік бар. Бұл алдымен, «көбік ата шалқып-тасыған қуаныш» сияқты метафоралық сөз тіркесінен көрінсе, екіншіден «жылаған.., жыласын» сөздеріндегі әріп, буын ұқсастықтарын және бір сөздің бірнеше рет қайталанып келуінен және сөз соңында көп нүкте арқылы жасалған интонациялық әсерден де байқалады. тағы бір айта кетерлік жай - экспрессивтіліктің дамыту түрінде қолданылатын эмоционалды сөздер де болатындығы. Мысалы: тәуір – жақсы –тым жақсы- тамаша деген сөздерді алайық. Бұл тізбектегі сөздердің бәрі де эмоционалды мәнді сонымен бірге оларды салыстырмалы түрде, не күшейтпелі түрде жұмсағанда байқалатын экспрессивтілік рең де бар.
Сонымен біз жоғарыда келтірілген деректерден эмоционалдылық бар жерде экспрессивтілік те болатынына көз жеткіздік.
Халықтық тілдегі эмоционалдық пен экспрессивтілік тудырудың бірден-бірсөзі – дөрекі сөздер, архаизм, варваризмдер, жалған этимологиялы сөздер болып табылады.
Эмоционалдық пен экспрессивтілік тудыруға тек бейнелі сөздер ғана емес, жалпылама, арнаулы көнерген, неологизмдер, кітаби лексика, тұрмыстық сөздер, қарапайым сөздер, диалектизм бәрі де қатысыды. Әңгіме тек олардың қалай және қандай мағынада қолданылуында. Бірақ тілімізде өзінің заттық-лексикалық мағынасы о бастан эмоционалды-экспрессивті мәнді болып ұшырасатын сөздер болатыны белгілі.
Эмоционалды және экспрессивті сөздердің бір алуына ауызекі сөйлеу тілі стилінде жиі кездесетін дөрекі сөздер екені мәлім.
Қарай гөр... тілің майда, шүйіркелескің келіп қышынып отырсың-ау, шырақ
Астын сызып белгілеген сөздердің барлығы да ауызекі тілде жиі ұшырасатын сөздер. Бірақ бұлардың бәрі бірдей эмоционалды мәнді емес.мысалы, «қарай гөр» деген сөзде интонация арқылы берілген экспрессивтілік мән ғана бар. Сол сияқты «шүйіркелесу», «қажасу» сөздерінен сөйлеу, әңгімелесу сөздерінің синонимі ретінде қарастыруға болады. Бірақ автордың алдыңғы екеуін таңдап алуы сөйлемге экспрессивтілік мән беріп, әлдеқайда әсерлі етіп жүр.
Эмоциялық пен экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қарапайым сөз формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар қатар жүреді. Бұл тұлғалар затты, құбылысты, дүниедегі қатынасты атап қана қоймайды, оған қоса сөйлеушінің эмоциялық сезімін білдіреді.эмоция – психикалық құбылыс оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі болмыстан алған әсерді білдіру, тыңдаушыға жеткізу. Екіншісі – тыңдаушыны бір іске жұмылдыру үшін, әсер ету.
Тілдің синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбінесе баяндауыш мүше қатарынан көрінеді.
Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлі бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді.
Профессор Р. Әміров эмоционалдықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар, интонациядан, арнаулы баяндауыштың формаларынан көрінеді дейді. Мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар екендігін айта келіп, лепті, жақсыз, атаулы, номинативті, қыстырма сөйлемдерді, қайталауларды айтады [9,73-78].
Орыс тіл білімінде грамматикалық тұрғыдан жіктелмейтін құрылымдар кездеседі. Олар экспрессивті-эмоционалды сөйлемдер деп аталады [10, 19]. Олар құрылымы жағынан, интонациялық жағынан тиянақты тұрақты тіркестер тәрізді. Мысалы, то то и оно, как бы ни как, мало ли что, только ивсего, вот так так, вот те на, вот это да, вот те раз, вот так, ну и ну, ишь ты, едва ли, тоже мне, эх вы, вот оно что, вот еще, конечно, т. б. Бұлар ақиқат құбылысты білдірмейді, тек модальды-эксрпессивті мағынаны білдіреді: болымсыздық, сұрау, эмоционалдық, бағалауыштық т.б. [11,12].
Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар қатар жүреді. Бұл тұлғалар затты, құбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп қоймайды, оған қоса сөйлеушінің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлі, бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді, мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар. Эмоция кісінің түрлі сезіміне-қуанышына; таңдауына, жиренішіне байланысты. Бірақ осы алуан түрлі эмоциялық сезімдер көбіне синкретті ортақ формалар арқылы көрінеді.
Эмоциялы баяндауыш тек болымсыз формада жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемге эмоциялық түр беретін баяндауыштық формадан бөлек амалдар бар. Олардың бірі – одағай сөздері сөйлемге енгізу. Бұл баяндауыштың актуалдық сапасына байланысты болуға тиіс. Ей, шеттерінен күйіп пісті-ау (С.Мұрат.).
Баяндауыштар қайталанып айтылып та эмоциялық білдіріледі. Мұндайда алдыңғысына демеулік қосылады. Күлімсіреген сәті Халимадан еш аумайды-ау,аумайды (С. Мұрат).
Атаулы сөйлемдер арнаулы коммуникативтік мақсаттың қажетімен қалыптасқан. Бұл сөйлемдер төңіректі, жағдайды үнемді жолмен суреттеу үшін және пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы ретінде жұмсалады.
Мысалы: Шіркіннің күлкісі-ай! (Б.М.). Шіркін, осы ауылдың жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді (С.Мұрат).
Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлемде, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің ішкі сезімін аңғарту үшін жұмасалады.
Мысалы, Шырағым, сен ағаңның тілін ал – деген сөйлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден аңғарылады, оның орнына Сен, оңбаған, ағаңның тілін ал! – десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы, бір жағынан, сөйлемнің айтылу әуенімен байланысты болса, екінші жағынан, ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты [13,159]. Қыстырма сөз сөйлемге модальді мағына үстейді. Модальділік – айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге осындай модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші бірдеңенің жайына көзі жетіп не болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыржан келді. Қайыржан келетін шығар. Қайыржан келер ме екен Сөйлемнің осындай мағыналық айырмашылықтарын түрлендіре түсу үшін оның ішіне оқшау сөз қосып айтуға да болады. Мысалы, Мен білсем, Қайыржан бүгін келді. Қайыржан, шамасы, бүгін келетін болар.
Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы-экспрессивті де мағына енгізеді. Бұл жағынан әсіресе кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше.
Диплом жұмысының екінші бөлімінде эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер қарастырылды.
Синтаксистің жалпы теориясында құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты туралы мәселені қанағаттандырарлықтай деңгейде шешілген мәселе деп атауға болмайтыны туралы көзқарастар бар. Жеткілікті зерттелді деген бұрыннан келе жатқан лингвистикалық зерттеу дәстүрі бар индоевропа тілдерінің өзінде бұл мәселе түбегейлі зерттелген мәселелер қатарына жатпайды. Құрмалассөйлемдер құрылымдық тұрғыдан да, функционалдық аспектіден қарастырылып келеді. Алайда құрмалас сөйлемдердің эмоциналды-экспрессивті, когнитивті қызметтері әлі зерттеудің нысана айналмай отыр.
Диплом жұмысы негізінен құрмалас сөйлемдердің эмоционалды-экспрессивті қызметіне арналғандықтан, құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас түрлерін ғана алдық.
Құрмалас сөйлемдерде жай сөйлемдерге қарағанда эмоционалдылық пен экспрессивтілік барынша айқын көрінбейді. Дегенмен құрмалас сөйлемдерде коммуникативтік мақсатқа жұмсалатындықтан сөйлеушінің эмоциясы қоса беріліп те отырады.
Құрмалас сөйлемнің түрлерінің ішінде сабақтастан гөрі салалас құрмаласта эмоционалдылық пн экспрессивтілік нақтырақ көрінеді.
Салалас құрмаластың екі түрі:іргелес салалас, жалғаулықты салалас бар.
Іргелес салалас сөйлемге эксрпессивтілік тән. Мысалы, Бірақ жігіт оның ойлағанындай бұзық жігіт болмады, жігіт облыс хатшысы болып шықты. Берілген салаластың бірінші компопнентігіндегі жігіт сөзін екінші компонентте қайталай қолдану арқылы сөйлемге ерекше мән беріліп, экспрессивтілігі арта түскен.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем семантикалық-грамматикалық тұрғыдан біренше топқа жіктеледі: мезгілдес салалас сөйлем, себептес салалас сөйлем, қарсылықты салалас сөйлем, талғаулы салалас сөйлем, кезектес салалас сөйлем.
Мезгілдес салалас сөйлемдер құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да, да әрі, және жалғаулықтары арқылы құрмаласады.
Мезгілдес салалас сөйлемдер құрамында да жалғаулығын қайталап айту арқылы іс-әрекеттің үдей, өсе, күшейе түскені көрінеді. Мысалы: Одан арғыны Игілік айтқан да
Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құрмаластыру қызметін атқарумен бірге тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөле айту үшін де қолданылады. Мысалы: Дәл шындықтан шет жатқан елдің әңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп.
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші негізгі тәсілі – жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыру. Сабақтас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысатын құрмалас сөйлемді айтамыз. Бағынушы компонент мейлінше тиянақсыз болады, сондықтан ол жеке айтылмайды, айтыла қалған күнде де өз бетінше тұрып сөйлем бола алмайды. Ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады.
Мақсат бағыныңқы сабақта сөйлемде деп етістігі көмегімен екі сөйлем қатысады, оның бірі экспрессивті мағынаны білдіреді, ал екінші компонент өзіне сөйлеушінің бағасын алады. Мысалы:
Үй баласы деп ем, ел баласы екенсің (А. Адамбаев). Әділеті бар тәуір чиновник деп, үміт ететін кісінің бірі ос еді (М.Әуезов).
Бағыныңқы компоненттің баяндауышы «етістік - демегенде» модельді конструкция құрап, сөйлеу тілімізде экспрессивтік мағыналарды ұйымдастыру үшін де жұмсалады. Мысалы:
Мені сіз жақта демегенде, кім жақта дейді (С.Бақбергенов). Сәулеге кел демегенде, кет әрі деймін бе? (Ғ. Мүсілімов).
Демегенде арқылы берілген экспрессивтік мағына компоненттер арасындағ іс-қимылдың қарсы қойыла айтылуы арқылы жетеді, болымсыздық мағына бірінші сөйлемде беріледі. Мысалы:
Орта жолда көлікке мін демегенде, дәл уақытысында, айтқа жеріне жетуім екі талай еді (Ғ. Мүсілімов). Жалаң аяқ жүрме демгенде, мен тез жүріп ойлаған нысанама жетер едім (С.Бақбергенов).
Де етістігі құрмалас сөйлемде күрделі ойды жеткізу үшін ғана емес, сонымен бірге басқа коммуникативтік мақсат үшін, яғни дәлірек айтсақ, сөйлемнің модальды-экспрессивтік мағынасын білдіру үшін қолданылу мүмкіндігі бар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Виноградов В.В. Стилистика, теория поэтической речи, поэтика. М., 1963. –361 с.
2. Клаус Э. Сила слова. Перевод срусского языка. М., Прогресс. 1967. – 215 с.
3. Дарвин Ч. Выражение эмоции у человека и животных. 5-том. Изд. Вестника. 1912. – 184 с.
4. Темірбеков Т. Балаубаев С. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966. – 231 б.
5. Галкина-Федорук. Е.М Об экспрессивностии эмоциональности в языке. /Сб. Стати по языкознанию. - М., 1958. – 343 б.
6. Кеңесбаев І. Фразеологияның экспрессивті-семантикалық функциялары жайында // Тезисы докладов конференции.
7. Балақаев М. Қазіргі қазақ грамматикасы. Синтаксис. – Алматы, 1949. – 122 б.
8. Оразов М. Қазақ тілі синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1989. – 145 б.
9. Әміров Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: (Оқулық). – Алматы: санат, 1998. – 192.
10. Киприянов В.Ф. Нечленимые предложения в русском языке как особый структурный тип простого предложения // Русский язык в школе, 1966, - № 5.- С. 20-21.
11. Степанян И. Синтаксически нерасчлененные предложения, выражающие эмоции // Русский язык в школе, 1957, - № 4. - С. 11-13.
12. Галкина-Федорук. Е.М Об экспрессивностии эмоциональности в языке. /Сб. Стати по языкознанию. - М., 1958. – 343 б.
13. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974. - 191.
14. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995.
15. Белошапкова В.А. Сложное предложение в современном русском языке. – М.: Просвещение, 1967. – 160 с.
16. Убрятова Е.И. Исследование по синтаксису якутского языка. Ч. ІІ. Сложное предложение. – Новосибирск: Наука, 1976. – 160 с.
17. Сат Ш.Ч. Придаточные предикативные единицы в тувинском языке // Структурные и функциональные типы сложных предложений. – Новосибирск, 1982. – С. - 48-60.
18. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
19. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
20. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы. – Алматы: Ғылым,1966. – 362 б.
21. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1971. - 337 б.
22. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995. – 136 б.
23. Демесинова Н.К. Синтаксическая стилистика современного казахского языка (стилистическая дифференциация синтаксических конструкций). - Алма-Ата: Наука, 188. – 94 с.
24. Гаджиева Н.З. Синтаксис сложноподчиненного предложения в азербайджанском языке (в историческом освещении). – М.:Изд-во АН СССР,1963.–229 с.
25. Әмір Р. Іргелес салалас сөйлемдер // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. – 1999. - № 31. – 22-31 бб.
26. Амиров Р.С. Особенности синтаксиси казахской разговорной речи. – Алматы, 1972. – 180с.
27. Горбунов А.Н. О сущности экспрессии и формах ее реализации.// Вопросы стилистики. - М., 1966.
28. Панасюк А.Т. К вопросу об экспрессии как лингвистической категории.// Вестник МГУ, Филология, 1973, №6.
29. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. – Алматы, 1995. – 131 с .
30. Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. – М.: Высшая школа, 1987 – 399 с.
31. Голуб И.Б. Стилистика современного русского языка. – М.: Высшая школа, 1986 – 336 с.
32. Современный русский язык. Под ред. Д.Э. Розенталя. - М.: Высшая школа, 1984 – 735 с.
33. Звегинцев В.А. Экспрессивно-эмоциональные элементы и значение слова // Вестник МГУ, 1955, № 1. – С. 69-81.
Достарыңызбен бөлісу: |