Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді



бет15/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ

Үй баласы деп ем, ел баласы екенсің (А. Адамбаев). Әділеті бар тәуір чиновник деп, үміт ететін кісінің бірі ос еді (М.Әуезов).
Бағыныңқы компоненттің баяндауышы «етістік - демегенде» модельді конструкция құрап, сөйлеу тілімізде экспрессивтік мағыналарды ұйымдастыру үшін де жұмсалады. Мысалы:
Мені сіз жақта демегенде, кім жақта дейді (С.Бақбергенов). Сәулеге кел демегенде, кет әрі деймін бе? (Ғ. Мүсілімов).
Демегенде арқылы берілген экспрессивтік мағына компоненттер арасындағ іс-қимылдың қарсы қойыла айтылуы арқылы жетеді, болымсыздық мағына бірінші сөйлемде беріледі. Мысалы:
Орта жолда көлікке мін демегенде, дәл уақытысында, айтқа жеріне жетуім екі талай еді (Ғ. Мүсілімов). Жалаң аяқ жүрме демгенде, мен тез жүріп ойлаған нысанама жетер едім (С.Бақбергенов).
Де етістігі құрмалас сөйлемде күрделі ойды жеткізу үшін ғана емес, сонымен бірге басқа коммуникативтік мақсат үшін, яғни дәлірек айтсақ, сөйлемнің модальды-экспрессивтік мағынасын білдіру үшін қолданылу мүмкіндігі бар.
Бағыныңқы баяндауышы меңгерілетін есімшелі-септікті конструкциялы –ған//нан, -ған//на, -атын//на формалы сабақтастар жатады. Бұл формалардың көмегімен жасалған сөйлемдердің салдары бағыныңқыдағы себепке субъектінің эмоционалдық реакциясын білдіреді. Барыс септігінен жасалған себептік компонент субъектінің физикалық немесе эмоционалдық жай-күйін білдіреді, салдарлық компонент – субъектінің сол жағдайға эмоционалдық, психологиялық, физикалық, физиологиялық реакциясын білдіреді.
Эмоционалдық реакция деп адамның белгілі бір жағдайларға байланысты басынан кешетін эмоционалдық күйін атаймыз. Жас шопанның төтенше ауыр науқасқа дүшар болғанына еңкейген кәрі, еңбектеген балаға шейін қатты қағырды (С. Омаров). Осы көпсубъектілі сөйлемдегі себеп бағыныңқы бөлімнің квалитативті субъектісінің денсаулық жағдайына, яғни физиологиялық жағдайына байланысты басыңқы субъектісінің эмоционалдық реакциясын білдіреді. Кеңес Ақмолаға Әсетпен бірге бара алмай қалғанына, іштей едәуір қынжылғандай болатын (М. Иманжанов) сөйлемінде себеп қимыл субъектісі жоспарының іске аспай қалғанын білдіреді, салдар жоспардың іске аспағанына субъектінің эмоционалдық реакциясын білдіреді.
Сол сәтте, сол мәжілісте, Абай өзі де көптен естімеген және естімегеніне енді өкінерліктей ететін, жіңішке күміс тоқын, нәзік, сыңғыр үн кетті (М. Әуезов). Мүсірепке «өзі тауып әперген» келінінің жасық болмай, ашық болғанына, қабақ шытпай күлімдеп жүретініне қуанады (Ғ. Мүсірепов) сөйлемінде үшінші жақтағы агенс өз қимылыныңнәтижесінде іске асқан жағдайға эмоционалдық қатынасын білдіреді.
Басыңқы сөйлемнің предикаты беретін эмоционалдық реакция жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Жағымды реакцияны қуану, мәз болу, рахаттану, риза болу, күлу сияқты етістіктер, жағымсыз реакция мағынасын осы етістіктерге қарама-қарсы мағына беретін өкпелеу, ызалану, өкіну, қайғыру сияқты етістіктер білдіреді.
Жағымды реакцияны білдіретін сөйлемдер: Профессордың шылымды сорып сүйсініп, содан бір жан рақатын тапқанына, темекіні бергеніме мен өзіме өзім қатты риза болдым (Ғ. Мүсірепов). Шынымен ұлымның келе жатқанына, мен жүрегім жарылып атты қуандым (Б. Қыдырбекұлы). Жағымсыз реакцияны білдіретін себептер: Жанұзақтың өзін сыртқа теуіп, сыр аша қоймағанына, Дәнеш ренжіп қалды (Қ. Жұмаділов). Хақ Назардың қырық жерден шабылып қидаланған денесін көргенде, оның қапыда кеткеніне, қабырғам қайысып, қатты қайғырдым (М. Мағауин).
Ит те болса өлісе алмағанына, оңай жеңілгеніне ызасы қайнай түсті (Ғ. Мүсірепов). Жамал Николой Сергеевичтің жолыққанына, таксиге отыра салмай, оның машинасымен келгеніне өкінді (Д. Исабеков). Малым қолды болды деп емес, атаңа нәлет ұрының басынғанына, сасапай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-жонып әкетіп қалғанына, ит жыны ойнады (О. Бөкеев). Абай Оспанның бұған ең жақын іні бола тұра, соншалық қаңғып адасқанына, аса бір қатты мысқылмен күлді (М. Әуезов) деген сөйлемдердің бірінші екеуі психологиялық және эмоционалдық реакцияны білдіретін, соңғы екеуі мінез-құлықтық эмоционалдық реакцияны білдіретін сөйлемдерге жатады.
Эмоционалдық реакцияны түрлі сезім етістіктерінің көмегімен басыңқы компонент береді, ал бағыныңқыдағы себептік компонентті қимыл, қозғалыс, есту, көру, сезім мағыналық топтарына жататын негізгі, күрделі, тұрақты тіркесті етістіктер береді.
Болымсыздық жұрнағы арқылы жасалған –ған // на формасы субъектінің іске аспай қалған жағдайға эмоционалдық реакциясын білдіреді. Ушаковқа сөзін тыңдата алмағанына, Михайо Неволя ыңғайсызданып қалды (Ғ. Мүсірепов).
Осылайша ған//на формасын эмоционалдық реакцияны білдіретін арнайы синтаксистік тәсіл деп атауға болады.
Эмоционалдық реакцияны –атын//на синтетикалық формасы де береді.
Менің жақсы жұмысқа тұратыныма, әкем жүргеі жарыла қуанды (Ана тілі).
Бұл формамен жасалатын сөйлемдегі себептік компоненттегі жағдай айтушыға алдын-ала белгілі нәрсе және ол келер шақта жүзеге асатын жағдай болып табылады, ал салдар сол болашақта болатын іске басыңқы сөйлем субъектісінің эмоционалдық реакциясын білдіреді, яғни салдардағыэмоционалдық жағдай іске асып қойған құбылыс. Әдетте бағыныңқыдағы жағдай уақыт жағынан біріншіболып, уақыт жағынан кейін салдарды тудыратын болса, бағыныңқы предикаты –атын формасымен жасалатын сөйлемдерде басыңқыдағыжағдай, яғни салдар бағыныңқыдағы қимыл іске аспай жатып-ақ орындалып отыр. Оның жақсы адам болатынына, әкесі қатты сенетін сөйлемінде бағыныңқыдағы тұрақты тіркеспен берілген себеп келер шақта болатындығымен қоймай, оның жалпы іске асатыны / аспайтыны да неғайбыл нәрсе, ал салдарретіндегі эмоционалдық реакция орындалып қойған жағдай. Ендеше себеп ретіндегі жағдай уақыт жағынан әрқашан бұрын болмайды екен, субъект болашақта болатын іске эмоционалдық реакциясын өткен шақта білдіре береді.
-ған//нан формасы –ғандықтан формасының синонимі ретінде қолдануға болады, одан сөйлемнің мағынасы өзгермейді.
Синтаксистік синонимдердің айырмашылығы туралы С.Н.Цейтлин «Различия между синтаксическими синонимами имеют в ряде случаев характер очень тонких оттенков, но,тем не менее, всегда могут быть выявлены. Именно эти различия и обеспечивают существование синонимического ряда: абсолютно тождественные предложения языку были бы не нужны» - дейді Бірақ біздің ойымызша, -ған//нан мен –ғандықтан арасында құрылымдық айырмашылық болғанмен, айтарлықтай мағыналық айырмашылық жоқ сияқты, бірақ автордың айтқанындай, «өте жұқа реңк» болуы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Осы кезде басын жастықтан зорға көтерген Абай екі шекесі қатты шаншып ауырғанын (ауырғандықтан), көзі қарауытып барып шалқалап кетіп, желкесін биік төсекке сарт еткізіп соғып алды (М. Әуезов).
-ған//нан формасы болжам мадольдылығы мағынасын береді. Болжам модальдығы болжалды келер шақтағы бол көмекші етістігімен, модаль сөздермен, ма шылауымен беріледі.
Таныс-бейтаныс жүзі әбден титықтап, тозаңы шыға тозғанынан ба екен, анық ажарын ажырату қиын (О.Бөкеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет