Байланысты: эмпатияның қалыптасу деңгейін анықтау үшін А
эмпатияның қалыптасу деңгейін анықтау үшін А.Мехрабиен менН.Эпштейнніңэмпатиянызерттеусауалнамасықолданылды. Сауалнама келісуге немесе келіспеуге болатын 33 сұрақтан тұрды. Нәтижелер бойынша эмпатияның жоғары, орташа, төмен, өте төмен деңгейлері анықталды. Эмпатияның даму деңгейі жынысына қарай ажыратылды, яғни ер адамдар үшін ең жоғары деңгей 33-26 балл, орташа деңгей – 25-17 балл, төмен деңгей – 16-8 балл, өте төмен 7-0 балл. Қыз балалар үшін: 33-30, 29-23, 22-17, 16-0 баллды құрайды. Эмпатияның дамуының бастапқы нәтижелері мен қорытынды нәтижелері диссертациялық жұмыстың үшінші бөлімінде салыстырмалы түрде талданып, баяндалды.
Тәжірибелік-эксперименттің бастапқы нәтижелері бізге студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңыздылығын және оны жоғары оқу орны жағдайында жүзеге асырудың әдістемелік жүйесін жасаудың қажеттігін көрсетіп берді. Одан әрі қарай, біздің тарапымыздан құрылған модельдің тиімділігін тексеру мақсатында элективті курс пен кәсіби сапаларды дамытуға бағытталған тренингтік сабақтардың бағдарламасын оқыту жүйесіне енгізу жұмыстары іске асырылды.