Қатерлі ісік ауруларының қатарына емшек безі ісігін (емшек безінің қатерлі ісігі), яғни, емшек безі рагын жатқызамыз. Емшек безінің рагы 15-30 жас пен 50-59 жас аралығындағы әйелдерде өте жиі кездеседі. Алайда, бүгінгі таңда 15 жасқа дейінгі қыздарда да емшек безінің рагы кездесуде. Республика көлемінде емшек безі рагының көбеюіне байланысты 2007 жылы қазан айында ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің № 607 бұйрығы шықты. Бұйрыққа сәйкес, 50-60 жас аралығындағы әйелдерге емшек безі қатерлі ісігін қара қағазға (маммография) тегін түсіру мүмкіндігі берілді жатқызамыз. Қатерлі ісік кеселінің пайда болуының негізгі себебі әлі белгісіз. Бұл ісіктің өсіп шығуына 40-тан астам себептер әсер етеді. Жалпы алғанда, бұл себептерге ішкі бездер жүйесінің функциясының бұзылу құбылыстары, денедегі зат алмасудың бұзылуы, етеккірдің уақытында келмеуі, бедеуліктің болуы, кеш құрсақ көтеру, баланы емшекпен аз уақыт емізу, мастопатия, фиброаденома, емшек безінің өзегіндегі папилома болғанда, эстроген гармондарымен ұзақ уақыт емделу, перзентті жиі алып тастау, жиі түсік болу және тағы басқа дененің жағымсыз аурулары жатады.