3 Электр тогының жылулық әрекеті.
Электр тогының жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс физигі Э. Ленц тәжірибе жүзінде зерттеген. Тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері электр өрісінің өткізгіштің кедергісін жеңуге жұмсаған жүмысына тең:
Q=Aж= I2RT.
(9.25)
(9.25) формула Джоуль-Ленц заңының математикалық өрнегі болып табылады және ол былай оқылады: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытына тура пропорционал.
Кедергілері R1 және R2 болатын өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде, оларда бөлініп шыққан жылуды былай өрнектеуге болады:
Q1=I2R1t, Q2=I2R2t.
Осыдан
Q1/Q2=R1/R2 (9.26)
екені шығады. Демек, тізбектей жалғанған кезде әрбір өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері осы өткізгіштердің кедергілеріне тура пропорционал.
Кедергілері R1 және R2 болатын ЭҚК-і жоқ тізбектің екі бөлігін параллель жалғаса, токтың әрбір жеке бөлігінде бөліп шығаратын жылу мөлшері
Q1=U2t/R1, Q2=U2t/R2.
Осыдан
Q1/Q2=R1/R2 (9.27)
ЭҚК-і жоқ тізбектің параллель жалғанған бөліктерінде токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері осы бөліктердің кедергілеріне кері пропорционал болады.
(9.26) және (9.27) өрнектерден көріп отырғанымыздай, тізбектей жалғанған кезде ең көп жылу мөлшері кедергісі ең үлкен өткізгіште, ал параллель жалғанған кезде кедергісі ең кіші өткізгіште бөлініп шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |