Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


Медициналық анықтамалардың нысандары



бет24/30
Дата21.11.2023
өлшемі146,01 Kb.
#192587
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Денсаулықты нығайтудың теориялық Ð½ÐµÐ³Ñ–Ð·Ð´ÐµÑ 2

35.Медициналық анықтамалардың нысандары.
Жасы мен еңбек қызметіне қарай медициналық анықтаманың түрлі нысандары қолданылады. 026/у нысаны немесе Баланың денсаулығы туралы төлқұжат: балабақша немесе мектепке қабылдану кезінде әр бала үшін ол бекітілген емханада ресімделеді.
Мектепке дейінгі мекеменің немесе мектептің медициналық қызметкері жүйелі түрде осы нысанды толтырып, медициналық тексерулердің бүкіл нәтижелерін енгізеді. Бала басқа оқу орнына ауысқан кезде бұл құжат оның жеке ісімен бірге беріледі.
086/у нысаны: кез келген орта, орта-арнаулы немесе жоғары оқу орнына түсу кезінде немесе жұмысқа қабылдану кезінде ресімделеді. Бұл осы оқу орнында белгілі бір мамандық бойынша адам жұмыс істеуге жарамды немесе жарамсыз деген қорытынды. 086 анықтамасын алу үшін терапевтен, хирургтан, невропатологтан, отоларингологтан, гинеколог пен басқа мамандардан, рентген тексеруінен өту керек, сондай-ақ, сақтандыру екпелерін алу керек.
082/у нысан: шетелге шығатындар үшін. Мұндай анықтама, мәселен, Шенген аймағының елдеріне виза және медициналық сақтандыруды ресімдеу үшін қажет болады.
083/у нысан: көлік жүргізуге куәлік алу кезінде қажет болады. Белгілі бір мамандық дәрігерінен және нарколог пен психиатрдан тексеруден өту керек. Жеке медициналық кітапша: жұмысқа орналасқаннан кейін мерзімді түрде медициналық тексеруден өту үшін ресімделеді.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
36.Балалар мен ересектерді профилактикалық медициналық тексеру.
Балаларды профилактикалық медициналық тексеру – бұл ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың дамуын, қауіп факторларын, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған тексерулер.
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізіледі.
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
37.Оқу ұйымдарында профилактикалық бағдарламаларды ұйымдастыру принциптері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет