Ситуациялық есеп №16 Дәрігер қабылдауына 31 жасар әйел келді. Шағымдары: жыныс жолдарынан бөлінетін көп мөлшерлі бөліністерге.
Анамнезінен: 2 баласы бар, уақытында босанған, асқыну болмаған. Некеде тұрады. Етеккір циклі өзгеріссіз, 5 күннен, ұзақтығы 32 күн. Алғаш етеккірі 14 жасында келген. Венерологиялық және аллергиялық анамнезі тыныш. Жиі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларымен ауырады. Дәрігер қынаптық Куско айнасының көмегімен тексергенде жатыр мойнының қызарып, домбығып,ұлғайғанын көрді, тиіспелі қанды бөліністі анықтады.
1) Қандай патология туралы ойлауға болады?
2) Қосымша зерттеу әдістерін атаңыз?