Балалар мен жасөспірімдерге арналған қашықтықтан (онлайн) өтілетін республикалық «Өнерлі балақайлар»
ән-би және өнер байқауы
Өтілетін күні: 28-29 қараша, 2020 жыл
Мақсаты: - еліміздегі талантты балалардың өнерін халыққа паш ету;
шетелдерде өтілетін халықаралық байқауларға жолын ашу;
сахналық шеберліктерін шыңдап, өзіне деген сенімін арттыру;
Байқауға балабақша және мектеп оқушылары қатыса алады.
Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі:
3-4 жас балапан топ
5-6 жас- бүлдіршін топ
7-8 жас – кіші топ
9-10 жас – орта топ
11-13 жас үлкен топ
Байқау номинациялары:
Дәстүрлі ән
Эстрадалық вокал (жеке, топ)
Аспапта ойнау (жеке, топ)
Хореография (жеке, топтық)
Бейнелеу өнері
Қолөнер
Көркем сөз
Жас сахна
Жас тілші
Дәстүрлі ән – халық композиторларының әндері немесе жыр-термеден бір шығарма орындау;
Эстрадалық вокал – шетел және қазақ композиторларының бір әнін орындау. Байқауға жеке және хор ұжымдары, вокалдық топтар қатыса алады;
Аспапта ойнау – қазақ және шетел композиторларының туындылары немесе халық күйлерінен бір шығарма орындау (жас ерекшелігіне орай жеңіл этюд т.б рұқсат етіледі)
Хореография – еркін тақырыпта бір би орындайды.
Бейнелеу өнері – «Менің елім», «Туған жерім тамаша!», «Елімді мақтан етемін!» тақырыптарына сурет салу;
Қолөнер – қатысушы еркін тақырыпта, қиялынан туған бір туындысын ұсына алады.
Көркем сөз – еркін тақырыпта ақын-жазушылардың бір өлеңін мәнерлеп оқу
Жас сахна – сахнадағы шеберлігін көрініс көрсету арқылы дәлелдейтін топ, яғни еркін тақырыпта сюжетті қойылым көрсетуі керек.
Жас тілші - авторлық шығармасын ұсына алады: өз жанынан шығарған өлеңдерін, тақырыптық шығарма, қиялынан туған ертегі т.б
Байқау шарты:
Байқаудың жеңімпазы жас ерекшелігі бойынша анықталады.
Берілетін орындар:
Бас жүлде – кубок және медаль, диплом, календарь
І орын – медаль және диплом, календарь
ІІ орын – медаль және диплом, календарь,
ІІІ орын – медаль және диплом, календарь
Қосымша: 2020-2021 жж өтілетін келесі республикалық, халықаралық байқауларға 20, 30, 50, 75, 100% жеңілдіктер беріледі.
Сонымен қатар, оқушыны дайындаған тәрбиешілер мен ұстаздарға «Үздік жетекші», Алғыс хат беріледі.
Әр номинация бойынша 10 жеке оқушы және 5 топпен қатысушы дайындаған ұстазға сыйлық (дыбыс ұлғайтқыш) беріледі.
Сұраныстар 27 қарашаға дейін (төменде көрсетілген эл пошта және 8 747 724 67 92 нөміріндегі WhatsApp арқылы) қабылданады.
Байқау қорытындысы 30 қарашада medi.studio@mail.ru парақшасында жарияланады.
Байқау жарнасы: жеке -3000 тг, топқа әр оқушы 2000 тг
Каспий голд: 8 701 614 54 10
Ұйымдастырушы: «МEDI» шығармашылық дамыту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл Б/с тел: 8 747 724 67 92, 8 701 614 54 10
Ескерту: кубок, медаль, календарь т.б пошта арқылы жіберіледі. Шығыны қатысушының есебінен қарастырылады
СҰРАНЫС
Қатысушының аты-жөні
|
|
Облыс, аудан, қала
|
|
Жіберген мекеме (мектеп, б/бақша) тобы немесе сыныбы
|
|
Туған жылы, айы, күні
|
|
Орындайтын шығарма атауы
|
|
Авторы
|
|
Жетекшісі (толық аты-жөні)
|
|
Эл. пошта, байланыс телефоны
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |