Ән хор айту дағдылары



Дата17.12.2021
өлшемі18,89 Kb.
#102386
Байланысты:
....


Ән – хор айту дағдылары

Ән айту – күрделі процесс. Сондықтан да әншілік өнерге баулып, әнді хормен айтуға тәрбиелеуде музыка мұғалімі балалар дауысының даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс.

Балалар дауысын тәрбиелеуге қойылатын талаптар олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады, тек сонда ғана сәби үнінің сыңғырлаған таза,  өзіне тән ашық бояуы сақталады.

Бала дауысы өте нәзік. Организмнің өсуіне байланысты оның дауыс шығару аппараты да өзгеріп отырады.

Жаттығуларға шығармалар, күйлер құлаққа сіңісіп, ел арасына кең тарап кеткен, әр түрлі жанрда жазылған халық әндері мен күйлерден үзінділер алуға болады.

Әрбір орындаушы өзінің дауыс мүмкіндігіне, тесситурасына, дайындық деңгейіне, орындау мәнеріне, мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты мен талабына байланысты қажетті жаттығуларды пайдаланады.

Жаттығуларды дұрыс қолдану, баланың ән табиғатын терең түсініп орындауға, музыка мұғалімдеріне мектеп оқушыларының дауыс көлемін дұрыс анықтап, оның сыңғырлаған үнін таза күйінде сақтап, әрі қарай дамытуға септігін тигізеді.

Ән айтудағы негізгі ережелер:

  • Бұлшық еттерді қысу көбінесе әнді дұрыс айтуға кедергі келтіреді.

  • Ұсынылып отырған жаттығулар бұлшық еттердің дұрыс жұмыс жасауына әсерін тигізеді.

  • Арқа мен иық түзу, төмен түсіріп, басымызды жоғары орташа жағдайда ұстаймыз.

  • Тамақ  пен өңешке күш келтірмеу үшін,  басты артқа қарай шалқайтпай ұстау керек.

Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокалдық жаттығулардың  маңызы зор. Себебі осы жаттығулар арқылы дұрыс дем алуға, сөзді ашық, таза айтуға; әуендікті ашық айтуға;  мәнерлеп  айтуға дағдыландырады. Вокалды жаттығулардың екі түрі бар – дауысты қалыпқа келтіру және вокалды – техникалық. Сабақтың басында дауыс аппаратын табиғи және  еркін дауыс шығарып, “жұмыс жағдайына” келтіретін дайындау жаттығуына жатады. Дайындау жаттығуларының мақсаты – дыбысты күштемей шығаруды туғызуға әсер ету және дауыс механизмін бірте-бірте қажетті біріктіруге келтіру. Дауысты негізінен тоникалық үш дыбыс пен дыбыс қатарына келтіреді.

Сабақтың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдыны қалыптастырады.

Әдетте вокалдық жаттығулар  әнді орындау алдында іске асырылады. Біздің пайымдауымызша, алғашқы орындалатын жаттығу жай екпінде айтылып оқушылардың сезіміне әсер ететін болуы тиіс. Ескере кететін бір жай: 7-8 жастағы балалар көркемдік немесе техникалық қағидасын тек қана әр түрлі буындардың жиынтығынан тұратын жаттығулардан гөрі, белгілі бір мазмұны бар әуендер (попевкалар) арқылы тезірек қабылдайды.

Сондықтан қазіргі кезде мектеп мұғалімдері өз   тәжірибесінде   мұндай   ән  жаттығуларын  жиі  қолданып, елеулі  нәтижеге  жетіп  жүр.  Жұмыстың  бұл  түріне  көрнекті  әуендерді  халық  әндерінен, балаларға  арналған  әндерден,  кейбір жағдайда  практикада  қолданылып  жүрген  жаттығулардың  бірін  сөз  текстімен  айту  арқылы  алуға  болады.

Артикуляция аппаратының жұмысын жандандырып, сөзді анық, таза, дәл айтуға жаттықтыру үшін жаңылтпаштарды пайдалануға болады. Алғашында жәй екпіннен бастап, бірте-бірте тезірек айтқызуға көшкен жөн.

 

Мысалы:

Атам бақ аралады

Ағам тал аралады

Апам көл жағалады

Асыл ат тағалады

 

Арпа ауыр ма

Арба ауыр ма

Апара ала ма

Ат ауылға?

Қазіргі кезде жаттығу ретінде балалар әндерін үйренуге интонациялық, ырғақтық қимылды туғызатын фразаларын қолдану іске асырылып жүр. Мұндай әдіс, үйрету барысында кездесетін әр түрлі вокалдық-техникалық қиындықтарды алдын-ала шешуге көмектеседі.

Мұғалім өтілетін сабақтың мақсатына байланысты өзі қажет деп тапқан әріптерге, буындарға сәйкес әуендерді айтқызады. Яғни, жас және дауыс ерекшелігіне байланысты жаттығуларды өздері таңдап алуға болады.

Зерттеуші-педагог С.Гладкая өзінің “Бастауыш класс музыка сабағындағы әншілік дағдылардың қалыптасуы” атты еңбегінде дұрыс айта білмеудің себептерін төмендегідей  көрсеткен:

  • музыкалық есту қабілеті нашар дамыған;

  • дауыс пен есту қабілеті арасындағы координацияның болмауы;

  • дауыс аппаратындағы немесе есту органдарындағы қалыптасқан нормадан ауытқу;

  • ұжымдық әншілік тәжірибенің жоқтығы:

  • ән айтқандағы жағымсыз әдеттер;

  • ұялшақтық пен сенімсіздік;

  • әлсіздік немесе керісінше беймазалық;

  • ән айтуға құштарлықтың жоқтығы.

Әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс – тәсілін, ережелерін білу қажет. Ән айту үшін ең әуелі қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын біліп алғандарың жөн.

Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше — өкпе. Сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту барысында музыкалық сөз тізбегіне (фразаға) лайықтап шығарады. Әрбір сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары – жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде, бас, кеңсірік, дыбыс тербелістерін жасаушы (резонаторлық) дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі. Яғни дұрыс тыныс алу — әншілік өнердегі басты алғышарттардың бірі.

Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану – дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі. Әншінің отырыс – тұрысына, денесін қалай ұстау керектігіне назар аударайық. Мысалы, әнші денесін болбыр ұстап, сергек сезінбесе немесе бүкірейтіп, қисайып, шалқайып, дұрыс тұрмаса, дыбыс шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп ән өз дәрежесінде шықпайды. Сондықтан да ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстау керек.

Ән айту ережелері

1. Әнді айтқанда қолды төмен жіберіп, денені тік, түзу ұста, иығыңды көтерме.
2. Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.
3. Әнді құр жаттап айтпа, шығарманың көркемдік мәнін сезіне отырып, өлеңнің сөздерін анық, түсінікті орында.
4. Әнді айқайламай, мәнерлеп айт.
5. Әннің әуенін таза, дыбыс биіктіктерін анық сезе отырып орында.
6. Үйретілген әнді сүйемелдеусіз орындау барысында өз даусыңды бақыла.
7. Музыкалық сөйлемді толық, үзбей орында.


Ән айту барысында дауысты тәрбиелеудің әр түрлі аралас түрлері пайдаланылады,


Біреуінде ішпен, екіншісінде кеуде клеткасымен, ал үшіншісінде төменгі қабырға ұлғаяды. Қазіргі ән айту тәжірибесінде ішпен демалудың кең түрі тараған.


Ән айту дағдыларын меңгеру барысында 3 ережені түсіні керек.
1 - ереже демді тез және елеусіз алу керек (иықты көтермей)
2 - ереже ішке алған демді музыкалық бір сөйлем біткенше жеткізе білу.
3 - ереже дем шығаруды біртіндеп және біртегіс шығару (жағылған жарыққа үрлеген тәрізді.



Дем алу ән айту комплексінің бір бөлігі.
Дауысты дыбыстардың вокалдық жұмысы барысында көбірек қолданылатын «а» дыбысы болып табылады. Бұл дыбысты айту кезінде жақ төмен түсіріліп, ауыз қуысы кең ашылады, жұтқыншақ қысаң боп тұрады.
«О» дауысты дыбысы «а» дыбысының қасиеттерін меңгереді, ал бірақ тембрі бойынша күңгірттеу болады.
«И» дауысты дыбысы бір жағынан жоғары позицияны табуға мүмкіндік беретін дыбысталуы өткір дыбыс. Барлық дауысты дыбыстардың ішіндегі «у» дыбысы терең немесе айғайламай шығаратын дыбыстардың бірі.


Ән – хор айту дағдылары
1) Әнді отырып орындағанда, орындыққа жартылай, екі аяқты жерге тең басып, қолды екі тізенің үстіне қойып, түзу еркін отыру.
2) Тұрып орындағанда екі аяққа тең тұрып, қолды жанына түсіріп, еркін тұру
3) Басты тым жоғары көтермей, тым төмен түсірмей, өз деңгейінде ұстау
4) Әнді орындағанда иықты көтермей денені еркін ұстау керек.
5) Хор шығармасын біркелкі көркем орындау, үшін мұғалімнің қол қимылын түсініп, ұқыптылықпен іске асыру.
6) Хор шығармасын орындағанда әнші өзгелерден ерекшеленбей, бірін - бірі тыңдап біркелкі орындау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет