Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар.
«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте - бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы 5«А» және 6 «А» класс оқушыларын ортаға шақырайық!
I - топ(4 бала)
II - топ(4 бала)
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!
1.
2.
3.
Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады.
1.....
2.....
І. Айналым:
Ережесі:
Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде әннің музыкасын тапса - 1ұпай, авторын тапса - 2ұпай беріледі. Әнді тапса бірге шырқайды.
І айналым тақырыптары әр түрлі, әр топқа 5 тақырып беріледі: (бәрі қосылып орындайды)
1. Кел билейік ( Кел билейік, кел билейік)
2. Көкте желбірейді ( Көк тудың желбірегені)
3. Қонақжайлы халықпыз!(Дастархан)
4. Буынға арналған ән (Қара жорға)
5. Анашыма арнаймын!(Анаға сәлем!) 6. Шәмші әндерінен (Арыс жағасында) 7. Көк кілемде көп ойнаймын (Атамекен) 8. Ортақ бізге жер шары (Достық) 9. Төл атауы (Қошақан ) 10. Кино музыкасы (Сен келерсің)
Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.
2 - АЙНАЛЫМ!
Достар келесі айналым теле сериалдардан үзінді музыкалар беріледі, соны қай киноның музыкасы екенін атауымен айтамыз.
1. «Ыстық ұя» теле сериалынан
2. «Дениз»
3. «Жумон»
4. «Келін»
5. «Ағайындылар»
6. «Алдар көсе»
7. «Болашақ»
8. «Жау жүрек мың бала»
9. «Менің атым Қожа»
10. «Көшпенділер» Мұғалім: екінші айналымның бағаларын білсек.
3 айналым:
Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.
Ережесі: Алдымен екі топқа да 2 - әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын әндер сөздерін айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп (Уақыты 3 минут) қай топ көп әннің сөз айтады сол топ жеңімпаз болып табылады.
Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз
СӨЗ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ.
Жүргізуші: Оқушылар, әуен мен сөздің байланысы бір - бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады. Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!
ҮІ айналым.
Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал - мәтелдерімізде баршылық.
Ережесі: Келесі бөлімде ән сөзі беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге мақал құрастырып айтасыздар.
Атамекен
1. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қ - сы
Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
2. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауың аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!
Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік
ІV. Айналым.
Жүргізуші:
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.
Ү айналым. - Ақтық мәреге аяқ басайық!
Пародия жасау. ( әр сыныптан оқушы ортаға шыққан соң кімге пародия жасайтынын біледі) 6а сынып: Қарақат – Қыдырәлі, Алла Пугачева, Заттыбек Көпбосынов.
5а сынып: Энрике Иглесиас, Бейбіт Қорған, Ескендір Хасанғалиев
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!