Энциклопедия истории алаш и



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата25.04.2024
өлшемі3,7 Mb.
#201394
түріКнига
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
Байланысты:
Жанбосинов-А.-Краткая-энциклопедия-истории-Алаша-и-Алаш-орды
Каналбеков Ерасыл Биг Дата 1902, Сабақ, Сабақ
ЭЙ, КАЗАК
 
Дүниеге бip күн қош қалмаймыз ба, 
Шамдай cөніп бакиға бармаймыз ба?! 
Қардай epiп ғұмырдың iз тастамай, 
Төсек қып қара жерден алмаймыз ба? 
Қөз тоймай дүни-дүниең сыртта қалып, 
Тоғыз кез ақыретте жалмаймыз ба. 
Онда байлык, патшалық сенен кашар, 
Ешбір жақын табылмас eciк ашар. 
Сұм дүние опасы жоқ артта қалып, 
Қүндіз-түні қаранғы тұман басар. 
Астың сыз, корғаның тар, тәнің сұлык. 
Мұны ойлап әр уакытта қөңілім нашар, 
Сонда қиын сөз сөйлеу бас көтеріп
Ғаділдікті қолға алу ақша беріп. 
Қөп ақшаға болыстық, шын беретін, 
Ұлықтарың түқ бермес жақын келіп. 
Неше жыл осы ретпен көрде жатып, 
Сүйегің боска курар тәнің epiп. 
Қөптен бepi ойлаушы ем мен бейшара
Сіздер мұны қолға алып ойлап қара. 
Екі өлмек жалғыз жанға ғаділ емес, 
Өлсін өтірік жалғанда болып пара
Жұрегіңнің түбіне көз жіберсең, 
«Рас» - деп айтар едің «тоған жара» 
Жүрегім, ішім өрт боп, опыр-топыр,
Дүшпанға тұр демеймін болып батыр 


110 
Краткая энциклопедия истории Алаш и Алаш орда
2013
Дәретсіз пышак салып былғаса да, 
Қазағым басқөтермей үйыктап жатыр. 
Жол қайда, ғылым қайда, жарық қайда? 
Ізденбей аянатын енді не тұр? 
Қайран жұрт, шын адасып кетемісің, 
Жер үшін малын сатып бітемісің. 
Болмаса, бала оқытып, ғылым іздеп 
Әр етке адамшылық жетемісің! 
Лапылдап келіп калған өртке кетпей, 
Қөпірден анау тұрған өтемісің! 
Бұл бір жұмбак, ойландым, шеше алмадым, 
Ерте ойландым, сандалдым, жете алмадым, 
Ішім толған қан, жара, сыртым дүрдей, 
Надандық қақпанынан өте алмадым. 
Талаптаныдым, талпындым, көп ойландым, 
Шеңгелінен зорлықтың кете алмадым. 
Мен шаршадым, каламым сен де тоқта, 
Қім естиді сөзінді, ісің жок па?! 
Қанша айтсан да тілінді қазақ алмас, 
Жазған өлең сырынды көпке жаяр, 
Қой, тоқта, жолығарсың атқан оққа. 
Дарияны бір тамшы сүт ағарта ма, 
Ғаділдік үстім болмақ бақ арта ма? 
Шындық пен өтірікті айырмасан
Тарихында жазылар кара таңба! 
Бір бес кұнге аптығып, анғалданып, 
Адамшылық туынан босқа қалма. 
Туыппыз жиырмасыншы ғасыр саясында
Арналсын бұл қазақтың баласына. 
Адасқан алашынды жолға бастап, 
Жұректін дәрі ізделік жарасына. 
Қөзінді аш, тан келеді, оян қазақ! 
Мәз болмай кісіліктін жаласына. 
«Айкап». 1912. №13. 288-295 бб. 
Источник: Смагулова С. Көлбай Төгісов және «Уш жуз» партиясы. 
Алматы: «Арыс», 2009. – 232 б. С. 174-175 
КОПИЯ СЕКРЕТНО 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет