Эндокринология



бет229/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   435
Байланысты:
document

5.3. АМЕНОРЕЯ
Аменорея дегеніміз репродуктивті жастағы әйелдерде етеккірдің болмауын айтады. Біріншілік аменорея- 16 жастан асқан қыз балаларда етеккірдің болмауы, екіншілік аменорея — бұрын менструальды циклі тұрақтанған әйелдерде 6 ай көлемінде етеккірдің тоқтауы. Аз көлемдегі етеккір- опсоменорея; сирек тұрақсыз етеккір (жылына 9 реттен аз) – олигоменорея. Физиологиялық аменорея жүктілік кезінде және менопаузадан кейін дамиды.


5.1 кесте. Аменорея

Этиологиясы мен патогенезі

Біріншілік аменорея: Тернер, Каллманн синдромы, гонада дисгенезиялары, сирек жағдайда жүре пайда болған патология (гормональды-белсенді емес гипофиз аденомасы).
Екіншілік аменорея: мезгілінен ерте аналық бездердің қажу синдромы (МЕАБҚС) (хромосомды аномалиялар, аутоиммунды оофорит), гиперпролактинемия, гипофизарлы жеткіліксіздік, аналық бездердің поликистозды синдромы

Эпидемиологиясы

Біріншілік аменореяның халық арасында таралуы 0,5 – 1,2%, екіншілік аменорея 5%, Тернер синдромы жиілігі– 1:2500 қыз балаға; МЕАБҚС – 30 жастан кіші әйелдер арасында 0,1%, 40 жастан жас әйелдер арасында 1%

Басты клиникалық көріністері

1. Етеккірдің болмауы, бедеулік
2. Эстрогендер тапшылығымен байланысты дамитын симптомдар (қызба толқындары, түнгі тершеңдік, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, диспареуния, либидоның төмендеуі)
3. Аменореяның дамуына әкелетін жеке аурулардың спецификалық көріністері (Тернер синдромына тән сырт-келбет, гиперпролактинемия кезіндегі галакторея, гирсутизм және т.б.)



Диагностикасы

1. Гормональды зерттеу (ФСГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон, ДЭА, ТТГ және т.б.)
2. Біріншілік аменорея кезінде кариотиптеу
3. Кіші жамбас астауының УДЗ-сі және гинекологиялық зерттеу
4. Мерзімінен ерте аналық бездердің қажу синдромы – ілеспелі аутоиммунды сырқаттардың скринингі
5. Гипогонадизм асқынуларын диагностикалау (остеопороз, урогенитальды бұзылыстар)
6. Көрсеткіштер бойынша гипофиз МРТ-сі (гиперпролактинемия, гормональды-белсенді емес аденома)

Салыстырмалы диагностикасы

Аменореяның дамуына әкелетін сырқаттар арасында жүргізу

Емі

1. Эстрогендермен орынбасушы терапия
2.Аменореяны дамытатын сырқаттардың спецификалық терапиясы (гиперпролактинемия кезінде дофаминомиметиктер және т.б.)
3. Y-хромосома анықталғанда екі жақты гонадэктомия (тестикулярлы феминизация синдромы)
4. Гипогонализм асқынуларын емдеу (остеопороз, урогенитальды бұзылыстар)
5. Көмекші репродуктивті технологиялар

Болжамы

Эстрогендер тапшылығы жүрек-қантамыр жүйесі аурулары мен остеопороздың даму қаупін жоғарылатады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет