III. Аш ішекте глюкоза сіңірілуін төмендететін дәрілер. Бұл топқа акарбоза мен гуар смоласы жатады. Акарбозаның әсер ету мезанизмі аш ішекте α-гликозидазанының қайтымды тосқауылдануына негізделеді, нәтижесінде көмірсулардың әрі қарай ыдарау және сіңірілу үрдістері тежеледі, бауырға глюкозаның резорбциялану жылдамдығы мен оның түсуі, постпрандиальді гликемия деңгейі төмендейді. Акарбозаның бастапқы мөлшері 50 мг тәулігіне 3 рет, кейін мөлшері 100 мг тәулігіне 3 ретке дейін жоғарылатылады; дәрі міндетті түрде тағам алдында немесе тағам қабылдау барысында қабылданады. Акарбозаның басты жағымсыз әсеріне ішектік диспепсия (диарея, метеризм) жатады, бұл сіңірілмеген көмірсулардың тоқ ішекке түсуімен түсіндіріледі. Акарбозаның қант деңгейін түсіретін әсері шамалы ғана (7.10 кесте).
Клиникалық тәжірибеде таблетка түріндегі қандағы қант деңгейін түсіретін препараттар жиі басқа да инсулиндермен қосарланып тағайындалады, себебі науқастардың басым көпшілігінде ашқарынға және постпрандиальді гипергликемия анықталады. Қазіргі таңда дәрілердің бір таблеткада қосылып, белгіленген комбинациялары бар. Жиі бір таблеткада метформинді әртүрлі СМД-мен, сонымен қатар метформинді тиазолидиндиондармен біріктіреді.
7.10 кесте. Таблетка түріндегі қанда қант деңгейін төмендететін дәрі дәрмектердің әсер ету механизмі мен потенциалды әсерлігі