Эндокринология


Топ ҚБ қалыпты көлемі (мл)



бет87/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   435
Байланысты:
document

Топ

ҚБ қалыпты көлемі (мл)

6–10 жас аралығындағы балалар

< 8

11–14 жас аралығындағы балалар

< 10

15–18

< 15

Әйел адамдар

< 18

Ер адамдар

< 25

Егер гормональды зерттеу ҚБ қызметін, пальпация мен УДЗ без құрылымын зерттесе, сцинтиграфия ҚБ морфофункционалды сипаттамасын алуға мүмкіндік береді, соның ішінде негізгі екі параметрді бағалайды: радиофармпрепаратты сіңіруі мен ҚБ бойына таралуы. ҚБ көлемін, құрылымдық өзгерістерін (түйіндерді анықтау), қызметін анықтау үшін сцинтиграфия аз ақпаратты. ҚБ сцинтиграфиясы үшін жиі моновалентті анион, йод секілді органификацияға ұшырамайтын, безбен жақсы сіңірілетін технеция изотопы 99mТс-пертехнетат (99mТс) қолданылады.


Қысқа жартылай ыдырау уақыты 99mТс (6 сағ) мен қалқанша безбен аз сіңірілуі сәулелену мөлшерін азайтады. 99mТс көктамырға енгізіледі және изотопты енгізгеннен кейін зерттеу бірден жүргізіледі. 99mТс –мен сцинтиграфияны жүргізуге басты көрсеткіштер:

  • Тиреотоксикоздың түрлі патогенетикалық варианттарының салыстырмалы диагностикасы: ҚБ шынайы гиперфункциясы (Грейвс ауруы, ҚБ функционалды автономиясы) және деструктивті тиреотоксикоз (босанудан кейінгі тиреоидит, жасөспірімдік тиреоидит, 2 типті амиодарон-индуцирленген тиреотоксикоз). Бірінші жағдайда сцинтиграфияда 99mТс сіңірілуі жоғары болады (3.9 а сурет), ал екіншісінде — сіңірілуі төмен немесе мүлдем сіңірілмейді (3.9 б сурет);

  • ҚБ функционалды автономиясының компенсирленген (эутиреоз көрінісінде) және декомпенсирленген (тиреотоксикоз көрінісінде) диагностикасы. Сондықтан зерттеу жиі түйінді және көп түйінді жемсау кезінде тағайындалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет