Гипотиреоз — тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамитын клиникалық синдром. Патогенезі бойынша гипотиреоз біріншілік (ҚБ өзінде дамитын патология) және екіншілік (ТТГ тапшылығынан) болып жіктеледі (3.11 кесте). 99 % жағдайда біріншілік жүре пайда болған гипотиреоз дамиды. Гипотиреоздың жалпы популяцияда таралуы 2 %-ды құрайды, ал жеке жасқа байланысты топтарда (егде жастағы әйелдер адамдарда) 6–8 %-ға жетеді.
3.11 кесте. Гипотиреоздың этиологиясы
Гипотиреоз
Басты аурулар
Біріншілік (қалқанша без аурулары)
Аутоиммунды тиреоидит
ҚБ хирургиялық алып тастау
Радиобелсенді 131I-пен терапия
Ауыр йод тапшылығы
Қалқанша бездің даму ақаулары (дисгенезия және эктопия)
Екіншілік (гипоталамус-гипофизарлы патология)
Гипофизарлы жеткіліксіздік (Шиен-Симмондс синдромы)
Гипоталамус-гипофизарлы аймақтың ірі ісіктері
Гипофиздің сәулеленуі
ТТГ шектелген тапшылығы