Эндокринология



бет163/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   435
Байланысты:
document

Эпидемиологиясы
ҚБ жағынан қандайда бір өзгерістер амиодарон қабылдайтын науқастардың 30–50%-да дамиды. Жиі белсенді емдік шараларлы қажет етпейтін эутиреоидты гипертиротропинемия жөнінде сөз қозғалады. Қалыпты немесе йодты шектен тыс артық қабылдайтын аймақтарда жиі амиодарон-индуцирлеген гипотиреоз, ал йод тапшы аймақтарда жиі — амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз дамиды.


Клиникалық көріністері
ҚБ-дің функционалдық жағдайымен анықталады. Әдетте гипотиреоз ешқандай спецификалық клиникалық көріністерге ие болмайды және амиодаронды қабылдау көрінісінде ҚБ қызметін динамикалық бақылау үрдісі барысында анықталады. АмИТ-2 жиі клиникалық көрінісі солғын болады, осыған орай амиодаронды қабылдау көрінісінде тиреотоксикоздың жүрек-қантамырлық симптоматикасы жойылады. Бұл кезде алғашқы орынға дене салмағының азаюы, бұлшықеттік әлсіздік шығады. Амиодарон қабылдайтын науқастардың 80%-да ҚБ қызметіне тәуелсіз тәбет төмендейді. Сирек дамитын АмИТ-1 клиникалық көрінісі айқын.


Диагностикасы
Амиодарон қабылдайтын науқастарда ҚБ қызметін бағалау әрбір 6 ай сайын жүргізіледі, нәтижесінде ҚБ қызметінің өзгерістері дамиды. Амиодарон-индуцирлеген тиреопатия препаратты қабылдауды тоқтанқаннан бірнеше жылдардан кейін дамуы мүмкін, сондықтан тиреотоксикозбен науқастардың барлығынан анамнезді мұқият жинау қажет. Ерекше назарға жүрек аритмиясы көрініс берген егде жастағы науқастар ие болады. Науқаста тиреотоксикоз анықталғаннан кейін ҚБ сцинтиграфиясы жүргізіледі, бұл АмИТ-1 мен АмИТ-2 салыстырмалы диагностикалауға мүмкіндік береді (кесте 3.29). Парадоксальды солғын клиникалық көрініс кезінде соңғысына бос Т4 деңгейінің 60–80 пмоль/л (қалыпты жағдайда 11–21 пмоль/л) дейін жоғарылауы тән. Бұл кезде бос Т3 деңгейі Т4-тен оның конверсиясының бұзылуы нәтижесінде жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет