Регидратациялық терапия: алғашқы тәулікте 10–20% глюкоза ерітіндісімен бірге 2–3 литр изотониялық ерітінді көктамырға тамшылатып құйылады.
Гидрокортизонмен мол орынбасушы терапия: 100 мг көктамырға, кейін әрбір 3–4 сағат сайын 50–100мг көктамырға немесе бұлшықетке тағайындалады. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін мөлшері сүйемелдеуші мөлшерге дейін төмендетіледі. Гидрокортизон болмаған жағдайда, сәйкес преднизолон мөлшері тағайындалады.
СБҮБЖ декомпенсациясына әкелген қосымша аурулар кезінде симптоматикалық терапия тағайындалады (жиі — инфекциялық аурулар қосылғанда антибактериальды терапия).
Болжамы Өз сырқатының ауырлығын түсінетін, қосымшы аурулар кезінде глюкокортикоидтар мөлшерін адекватты өзгерте алатын науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасы сау адамдардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Сырқаттың болжамы қосымша аутоиммунды аурулар дамығанда нашарлайды. Адренолейкодистрофия кезінде болжамы нашар және ол гипокортицизммен емес, ОЖЖ-де демиелиниация үрдісінің жылдамдығымен анықталады. Жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі кезінде өлім көрсеткіші 40–50 %-ды құрайды.