Эндокринология



бет331/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   435
Байланысты:
document

7.8.3. Диабеттік нефропатия
Диабеттік нефропатия (ДНФ) ҚД-мен сырқаттанған науқастарда несеп инфекциялары, жүрек жеткіліксіздігі және басқа да бүйрек аурулары болмаған жағдайда альбуминурия (тәулігіне 300 мг альбумин немесе протеинурия тәулігіне 0,5 г ақуыз) және/немесе бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуімен анықталады. Микроальбуминурия альбумин экскрециясы 30–300 мг/тәу немесе 20–200 мкг/мин болуымен анықталады.


Этиологиясы мен патогенезі
ДНФ дамуына әкелетін басты түркілеріне ҚД ұзақтығы, созылмалы гипергликемия, артериялық гипертензия, дислипидемия, ата-анасындағы бүйрек аурулары жатады. ДНФ кезінде ең алдымен бүйректің шумақтық аппараты зақымданады.
1. Гипергликемия нәтижесінде шумақтардың зақымдалуына әкелетін механизмдердің бірі, глюкозаның полиолдық метаболизм жолымен белсенуі арқылы сорбитолдың аккумуляциясы және гликирленудің қалдықты өнімдері болып табылады.
2. Гемодинамикалық бұзылыстар, соның ішінде шумақ ішілік артериялық гипертензия (бүйрек шумақтарында қан қысымның жоғарылауы) ДНФ патогенезінің дамуында маңызды тармақ болып табылады.
Шумақ ішілік гипертензияның себебі артериола тонусының бұзылысы болып табылады: әкелетін артериоланың кеңейіп, шығаратын артериоланың тарылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет