Салыстырмалы диагностикасы Басқа генезді нейропатия (алкогольды, уремиялық, В12-тапшылықты анемия және т.б.). Қандай да бір ағзаның дисфункциясы диагнозы вегетативті нейропатия нәтижесінде тек органды патологияны жоққа шығарғаннан кейін ғана қойылады.
Емі 1. Қант деңгейін төмендететін терапияны оңтайландыру.
2. Аяқ күтімі (7.8.5 бөлімді қараңыз).
3. Нейротропты дәрілердің әсерлігі (α-липой қышқылы) барлық зерттеулерде расталмайды.
4. Симптоматикалық терапия (ауырсыздандыру, эректильды дисфункция кезінде силденафил, ортостатикалық гипотония кезінде флудрокортизон.).
Болжамы Бастапқы сатыларда ДНЕ ҚД-нің тұрақты компенсациясы көрінісінде қайтымды болуы мүмкін. ДНЕ науқастардың 80%-да ойықты жараланумен көрінеді және ол ҚД кезінде аяқтың ампутациясына әкелетін басты қауіп факторы болып табылады.