Эндокринология



бет418/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   435
Байланысты:
document

Қоңыр май тіні көптеген зертттеушілер пікіріне қарағанда жаңа туылған нәрестелерде басты термогенез көзі болып табылады. Сау адамдарда минимальді қоңыр май мөлшері тағам қабылдаумен индуцирленген термогенезді іске асырады. Семіздікке шалдыққан адамдарда қоңыр май тіні мүлдем болмауы да мүмкін. Мұндай термогенез қосымша энергия жұмсалуымен сипатталып, тағам қабылдағанда белсеніп, май тінінің шектен тыс жиналуына жол бермейді. Көмірсулардың артық болуы немесе аралас тағам қабылдау бос Т3 деңгейін жоғарылатып, қан сарысуында реверсивті Т3 (рТ3) деңгейін төмендетеді. Қоңыр май жасушалары глюкоза мен май қышқылдарын қиындықсыз қышқылдандырады. Сонымен, қышқылдану нәтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді, тек аз мөлшерде ғана АТФ түрінде сақталады.
Ақ май тіні лептин синтезделетін басты орны болып табылады. Лептин- пептидті табиғатты гормон. Лептин әсерінен науқас тәбеті төмендеп, ағзаның энергетикалық шығына артады. Қанда лептин концентрациясы май тінінің мөлшеріне тікелей тәуелді. Семіздікке шалдыққан адамдарда ол жоғарылайды. Лептин рецеп торлары көптеген мүшелерде анықталған: бас миы, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, тимус, простата, аналық без, жіңішке және тоқ ішек. Лептиннен басқа тәбетті реттеуге адипоциттер өндіретін басқа гуморальді түрткілер қатысады (адипонектин, грелин, β-эндорфин және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет