2. Хирургиялық ем дофаминомиметиктерге резистентті макропролактиномалар кезінде көрсетілген. Мұндай аденомалар ақырында иммуногистохимиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шынайы пролактинома емес, ГБЕГА немесе аралас ісік екені анықталады.
Болжамы Шынайы микро- және макропролактиномалар кезінде дофаминомиметиктермен терапия жақсы әсер береді, яғни ісік көлемін кішірейтеді және пролактин деңгейі мен фертильдікті қалыптастырады. Емдеуді тоқтатқаннан кейінгі науқастардың 5–10%-да ұзақ (5 жылдан астам) ремиссия байқалады. Науқастардың 1/3 менопаузадан кейін гиперпролактинемияның өздігінен ремиссиясы болуы мүмкін. Кей жағдайларда ремиссия босанудан кейін орнайды.