Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 27.01.97 жылғы № 67 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағатсыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
инфляцияның аса жоғары деңгейі;
фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
өндіріс көлемінің төмендеуі;
ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
ақталмаған жоғары шығындар;
өнімнің төменгі рентабельділігі;
өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
екі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорндардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
банкроттықты құқықтық реттеу;
кәсіпорын банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз ету;
перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек көрсету;
қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативтік-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орыдай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есептік көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық «ауруын» және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенднцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілетінің төмендеуі немесе жоғарлауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінде зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек. Шетел практикасында, әдетте (5 жылдан жоғары) объект үшін бизнес-жоспарды болжаудың экономикалық көрсеткіштері 3-5 жылға жасалады.
Талдаудығ бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданатын бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Қазіргі экономика ғылымның өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) формаланған және формаланбаған белгіліердің жүйесін қолдану;
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.