1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет16/55
Дата23.02.2022
өлшемі225,45 Kb.
#132995
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
новый дәріс опн

Таптар нешеу?
Таптық жүйелер- реттелген мәртебелер жиыны. Оған қандай мәртебелер кіреді және олар қалай жіктеледі?
Маркс: буржуазия және пролетариат
Карл Маркс (1818-1883) әлеуметтік құрылым екі таптан тұратынына сенімді болған. Оларды дәулеттілер және кедейлер деп атауға болады. Макс оларды буржуазия және пролетариат деп атаған.
Буржуазия- жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс құралдарын иеленген тап.
Пролетариат- онымен қастамасыз етілмеген. Сондықтан олар үстемдік етуші тапқа жалданып өмір сүреді. Маркс пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік құрал-жабдықтарды игеруге байланысты.
Әлбетте, өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ бұл екеуі бір мәнге ие емес. Маркстың айтуынша, колледж оқытушысы, жергілікті дүкенінің менеджері және қоқыс жинайтын қала қызметкері-барлығы бірдей пролетариат болып саналады, себебі олар басқа біреуге қызмет етеді. Алайда қоқыс жинаушы жұмысын өз көлігімен орындайтын болса, Маркс оны буржуазияның мүшесі деп санайды. Оның пірінше, басты фактор-адамның қанша ақшасы болуы немесе қандай жұмыс атқаратыны ғана емес, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы ды.
Әрине, Маркс, «жекеменшік көлігімен қоқыс жинайтын адамдарға қарағанда дүкен менеджерлері табысты» деген қалыптасқан ортақ пікірді елеусіз қалдырмаған. Алайда менеджерлер мен көше сыпырушылар таптық сананы дамытып, өздерінің таптық түбірін түсініп, таптық жүйелермен күресу үшін бірігеді деп үміттенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет