Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Құрылымдық-функционалдық анализ теориясының негізін салған кім?
2. Бұл теорияның мәнісі неде?
3. Қоғамға құрылымдық-функционалдық тұрғыдан сараптама беріңіз.
4.«Қоғам» ұғымына анықтама беріңіз.
5.«Әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік құрылым»
ұғымдарының айырмасы неде?
6.«Әлеуметтік мәртебе» ұғымы қандай мағына береді?
7.Қоғамға құрылымдық-функционалдық тұрғыдан талдау жасаңыз.
4- дәріс. Әлеуметтену және сәйкестік.
1.Қоғам мен жеке адам арасындағы қарым-қатынас. Әлеуметтену және сәйкестік теориялары(Т. Парсонс, Г.Х. Мид).
2.Әлеуметтенудің кезеңдері. Бастапқы әлеуметтену. Әлеуметтенудің екінші кезеңі. Әлеуметтенудің ересек кезеңі.
3. Жеке тұлға және сәйкестік. Әлеуметтік және жеке сәйкестік. Ролдер мен мәртебелер.
Әлеуметтену деген не?
Соңғы екі тарауда әлеуметтік өмірдің «жалпы сипаттамасын»- қоғамдар мен мәдениеттерді қарастырдық. Бірақ әлеуметтанушыларды осы жалпы сипаттамаға адамдардың қалай сәйкес келетіні қызықтырады. Бұл тарауда адамдар өз мәдениеті мен қоғамында табысқа жету үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды қалай үйренетімізді қарастырамыз. Бұл процесс-әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметтік жағдайдағы кез-келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар- бәрлығы өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.
Рөлдер- кез-келген адамның белгілі бір әлеуметтік жағдайда көрсететін мінез-құлқы мен ойлау тәсілдер.
Әлеуметтену- мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |