Қайта әлеуметтену Әлеуметтену жайлы талдауларымызда айтылғандай, өмір бойы әлеуметтену -әдетте біртіндеп жүретін процесс. Бірақ кейде қоғамдағы орнымыз түбегейлі өзгереді, сөйтіп, басқаша өмір сүру үшін өзімізді бұрынғыша бағалаудан, өмірлік ұстанымдарымыздан бас тартуға мәжбүр боламыз. Жаңа өмір салтына тән сенім мен құндылықтарды үйрену процесі қайта әлеуметтену деп аталады. Әдетте бұл термин адамның өз өмір салтын тек және еріксіз түрде өзгертуіне мәжбүр болған жағдайларына қатысты қолданады.
Қайта әлеуметтенуге мысал ретінде адамның өмір бойы мүгедек болып қалуын келтіруге болады. Мүгедектікке ұшыраған жандар өмірге бейімделу үшін қарқынды түрде қайта әлеуметтенеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуеті кенеттен өзгереді. Ал олардың бұрыңғы өзіндік ұғымдары жаңа өмірмен мүлде үлеспейді. Олар өз дәретін бақылаудан, жүріп тұрудан немесе киінуден қалуы мүмкін. Бұрынғыдай жыныстық қатынасқа түсе алмауы ықтимал. Егер жас адам болса отбасын құрып, бала сүйе аламын ба деген сұрақтар төңірігінде толғануы ғажап емес. Егер ересек адам болса, онда сүйікті жұбай немесе ата-ана ретінде өз орнын қайта бағалау керек болады. Өміріндегі мұндай өзгерістен одан өзін өзі бағалауын түбірімен қайта айқындалуын талап етеді. Егер өзін өзі бағалау деңгейін көтеру керек болса, онда басымдықтарды қайта анықтап жаңа физикалық белсенділі төмен мәнез-құлық қалыптастыруы тиіс.
Қоғам қайта әлеуметтенуді саналы түрде қолдануы мүмкін. Адамдардың мінез құлқы әлеуметтік қиындықтар тудырған жағдайда (маскүнемдер, қылмыскерлер немесе психикасы бұзылған адамдар) қоғам оларды бұрыңғы өмірінен бас тартып, қалыпты шарттарды қабылдауға мәжбүрлеу мүмкін. Бас тартып, қалыпты шарттарды қабылдауға мәжбүрлеуге мүмкін.