1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы



бет36/55
Дата23.02.2022
өлшемі225,45 Kb.
#132995
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
новый дәріс опн

Саяси жүйе

Саяси шешімдер мен іс-әрекеттер





«Кіріс» арқылы халық билікке әртүрлі мәселелер бойынша өзінің талап-тілектерін қоя алады. Талаптарды элитарлы құрылымның қарауы нәтижесінде шешім қабылданып, «шығыс» арқылы мемлекеттік саясат актілері, заңдар, қаулылар түрінде халыққа қайта беріледі. Кері байланыс механизмі саяси жүйеге өзіндік бақылау жасап, дамып отырады.


Әдебиеттерде саяси жүйе құрылымының төмендегіше компоненттері беріледі:
1) институционалды – қоғамның саяси ұйымдарының жиынтығы арқылы қалыптасады. Оған мемлекет, саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық және басқа да қоғамдық ұйымдар, БАҚ, шіркеу жатады;
2) нормативті-регулятивті – конституция, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары сияқты қолданыстағы саяси және құқықтық нормалар, саяси өмірді реттейтін саяси әдет-ғұрыптар мен процедуралар;
3) функционалды, саяси іс-әрекеттердің түрлерінен және бағыттарынан, әртүрлі саяси процестерде, билікті жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінен көрінеді;
4) ақпаратты-коммуникативті – саяси жүйенің ішіндегі өзара қарым-қатынас формаларын қамтиды, мысалы, партия мен мемлекет арасындағы, саяси және экономикалық жүйелер арасындағы, бір ел мен екінші елдің саяси жүйелері арасындағы.
Саяси жүйенің негізгі қызметтері:

  • қоғамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды;

  • қоғамның іс-әрекеттерін әлеуметтік-саяси мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ұйымдастырады;

  • материалды және рухани құндылықтарды тиімді бөледі және игереді;

  • әртүрлі әлеуметтік топтар мен мемлекет мүдделерін білдіреді;

  • қоғамдағы адамдар мен топтардың мінез-құлық ережелерін белгілейді;

  • саяси құрылымның ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

  • саяси сананы қалыптастырады, қоғам мүшелерін саяси қатысуға үндейді;

  • заңдар мен ережелердің орындалуын бақылайды.

Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан, қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап, жіктеу арқылы, олардың ұқсастықтарына қарай типтеу арқылы толығырақ түсінуге болады:
1. сыртқы ортамен қатынасына қарай: ашық және жабық;
2. саяси мәдениет деңгейіне қарай (Алмонд): англо-американдық (азаматтардың саясатқа белсендігілі), континентальды-авропалық (азаматтардың заңды тыңдауы), индустрияландыруға дейінгі (адамдардың саясатқа саналы емес түрде қатысуы), тоталитарлы;
3. саяси тәртіп сипатына қарай: тоталитарлы, авторитарлы, демократиялық.
Бақылау сұрақтары:

    1. Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз не?

    2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы қандай?

    3. Қоғамның саяси жүйесі неліктен ұзақ жылдар бойы зерттелмеді?

    4. Қазақстандық саяси жүйеге не кіреді?

    5. Қазақстанның саяси жүйесін жіктеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет