1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


Бала тәрбиесінде бәріне ортақ қағида бар



Pdf көрінісі
бет341/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1

Бала тәрбиесінде бәріне ортақ қағида бар 
 


236 
 
           «Бала  тәрбиесінде  бәріне  ортақ  қағида  бар»  тақырыбына  арналған 
шағын  мақаланы  оқып,  осы  айтылған  қағидаларды  естеріңізде 
сақтаңыздар. 
Ата-ананың  кеңестерін  айтпас  бұрын  былай  деген  екен:  «Менің  ұлым 
мамандығын  өз  қалауынша  таңдай  алады.  Мінез  де  көрсете  алады. 
Менімен  келіспеуі  де  мүмкін.  Бірақ,  жасөспірім  жастағы  ұлдардың 
тәрбиесінде базалық құндылықтар баржәне ол тек менің ғана емес, барлық 
балалардың  (әсіресе,  жасөспірім  жастағы  ұлдардың)    тәрбиесіне  маңызды 
деп қаралуы тиіс!. 
 
Барлық  адамға  ізетпен  қара!  Қашанда  жүрегіңде  өзгелерге  деген 
мейірім тұнып тұратын болсын! 
 
Жоқ,  демек  «жоқ»  деген  сөз.  Ата-анаң  «жоқ»  десе,  расында  солай 
қабылда. 
 
Сезіміңді іркіп қалма! Адам бір сәтте сезімтал да күшті бола алады. 
Сезімталдық  –  белгілі  бір  жынысқа  тәуелді  емес.  Ұлсың  ба,  қыз  баласың 
ба,  айырмашылығы  жоқ.  Бастысы,  сен  –  адамсың!  Ал  адамның  сезімтал 
болуы – заңдылық! 
 
Сен өзіңді бақытқа бөлей алуың мүмкін, бірақ өзгені емес! Мені де, 
әкеңді де, басқалардың да бақытты болуына жауап бере алмайсың. Әр адам 
өз бақытының жауапкершілігін арқалайды. Сен де. Әрине, сенің басқаларға 
айтқан сөздерің, жасаған іс-әрекетің олардың көңіл-күйі мен жан дүниесіне 
әсер  етеді.  Бірақ,  сен  олардың  жан-дүниесін  өмір  бойы  қанағаттандыруға 
тиісті емессің. 
 
Өмірің әрекетке толы болуы керек!  «Менің ішім пысып кетті» деген 
сөзді  мен  сенен  ешқашан  да  естімейтін  болайын.  Әлемде  қызықта  қанша 
дүние  бар?!  Осынша  қызықтың  ортасында  отырып  қалайша  ішің  пыса 
алады?! Кез келген сүйікті істі таңда, онымен айналыс, қажет болып жатса, 
менен,  әкеңнен  кеңес  сұра!  Біз  қашанда  саған  көмектесеміз.  Бірақ, 
айналысатын ісіңді алдымен өзің таңдауың қажет. Ал, қолдау  – бізден.  
 
Сен  қандай  болсаң  да  мен  сені  жақсы  көремін.  Мені  ренжітесің, 
көңіл-күйімді  бұзатын  шығарсың.  Бірақ  мен  бәрібір  сені  жақсы  көремін. 
Менің  бұл  сезімімді  сенің  қайсыбір  іс-әрекетің  болса  да  еш  өзгерте 
алмайды.  Қандай  жағдай  болса  да,  мен  қашанда  сенің  жаныңнан 
табыламын. Осыны есіңде сақта. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет