1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Кестелік процессор туралы жалпы түсінік



бет89/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

58. Кестелік процессор туралы жалпы түсінік.

Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.


Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады.
Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.).
Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).
Excel-де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық жұмыстар есептерін шығару үшін пайдалана алады.
Excel бухгалтерияда қарқынды қолданылады – көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар.
Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдерінің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі – Бастау мәзірінен Барлық бағдарламалар тармағын және Microsoft Excel тармағын таңдау. Орнатылған Microsoft Office дестесінің нұсқасына қарай, бұл тәсіл мынадай ретпен де орындалуы мүмкін: Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Excel немесе Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Excel.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет