Сөздіктердің түрлері
Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.
2. Сөздіңтердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.
3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік.
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік]]. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративтік сөздік.
2. Фонетиканы оқыту жолдары.
Фонетика (грекше phonetikos — дыбыстың) дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған. Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.
Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығады. Бұл – бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |