ЖИЛЬСОН
,
Этьен Жильсон
(1884–1978) — француз діни
философы,
неотомист,
медиевист,
Торонтодағы
ортағасырлық
зерттеу
институтының
директоры.
Схоластиканың Декарт философиясына тигізген ықпалын
көрсетті. Экзистенциализм философиясындағы христиандық
рухтың жақындығын дәлелдеп бақты.
ЖИРЕНШЕ
,
Жиренше-шешен
(XVғ.) — қазақтың ақыл-
парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр
шешені. Аңыз-әңгімелер бойынша ол тарихта болған, әз
Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен есімі,
ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінен
берік орын алған
. Ол туралы ертегілер, әңгімелер қазақ
фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда
шешендік сөздіктің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар.
Жиренше шешен
Достарыңызбен бөлісу: |