КРОЧЕ
,
Бенедетто Кроче
(1866–1952) — итальяндық
интеллектуал, сыншы-критик, философ, саясаткер, тарихшы.
Неогегельяндық
тың өкілі. XX-ғасырдың жүзжылдықтың
басында оның еңбегі эстетикалық ойдың одан әрі дамуына
ықпал етті.
Шығармалары:
«Эстетика как наука выражения
и как общая лингвистика» (1902).
КІШІБЕКОВ
,
Досмұхамбет Кішібеков
(1925) — қазіргі
қазақ
философ-ғалымдарының
бірі,
философия
ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), Қазақстан
ҰҒА-ның академигі (2003), Қазақ ССР Жоғарғы мектебінің
еңбек сіңірген қызметкері (1974). Екінші дүниежүзілік
соғысқа қатысушы. Қызылорда педагогика институтының
(Қорқыт
Ата
атындағы
Қызылорда
мемлекеттік
университеті) тарих факультетін бітірген (1948). Негізгі ғылыми еңбектері
қазақтың тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлі дүниетанымына арналған.
Қазақтың өткені мен бүгінін ғылыми саралап, оның діліне, болмысы мен
әдет-ғұрпына, дүниеге көзқарасына философия талдау жасап, философия
290
тарихы мәселесін зерттеді. Сондай-ақ, Кішібеков өтпелі кезеңдегі қоғамның
даму заңдылықтарын, қоғамдық қатынастардың жай-күйін айқындап, бір
қоғамнан екінші қоғамға өтуде демеуші факторлар қажет екендігін негіздеді.
Ол 580-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде - 47 монография, оқулық,
кітаптар мен кітапшалар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |