МЕЛЬЕ
,
Жан Мелье
(1664–1729) — француз материалист-
философы, атеист, утопистік коммунист, католик священнигі.
Ол өзі діндар болса да,
өмірінің аяғында атеизмге бой ұрды,
материализмнің жауынгері болды. Оны өзінің әлеуметтік-
саяси көзқарастары үшін
бірінші коммунист
, социалист-
утопист деп те атайды.
Негізгі идеялары:
ешқандай да
тылсым күш (Құдай) жоқ; материядан тәуелсіз идея болмақ
емес, жан да мәңгі емес; дүние ерекше субстанция –
материядан тұрады; абсолютизмді құлату керек, жеке меншік пен мемлекетті
жою керек;
МЕРТОН
,
Роберт Кинг Мертон
(1910–2003) — американдық ғалым,
ғылым социологиясы
ның негізін қалады. Ол ғылымды зерттеудің
институциялық әдісін қолданды. Және
«ғылым этосы»
ұғымын ұсынды
(ғылыми қауымдастық мүшелерінің ұстанатын нормалары).
МЕРЛО-ПОНТИ
,
Морис Мерло-Понти
(1908–1961) —
француз
философы,
мәдениеттің
феноменологиялық
тұжырымдамасының өкілі. Оның пікірінше, адамды
қоршаған әлем – мәдениет әлемі сияқты мағына мен маңызға
толы әлем.
Шығармалары:
«Гуманизм және террор», 1947;
«Смысл и бессмыслица», 1948; «Язык несказанного и голоса
молчания», 1952; «В защиту философии и другие эссе», 1953;
«Приключения диалектики», 1955; «Таңбалар», 1960; «Око и
дух», 1961; «Әлем прозасы», 1969; «Плоть мира», «Феноменология
восприятия» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |