Негізін салушы әл-Кинди
болып есептеледі. Басты
өкілдері
әл-Фараби (870-950), Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Туфайль (1186),
Ибн Рушд (1106-1198), Ибн-Баджжа (1139), ар-Рази (1364), Ибн Халдун.
Фәлсәфаны жиі шығыс перипатетизмі деп атайды, себебі фәлсафа-фаласифа
(философтар) герменевтикамен, Аристотель мен оның ізбасарларының
(перипатетиктермен) еңбектерімен айналысқан.
Фәлсәфаның көрнекті
өкілдерінің бірі
–
Әбу Насыр әл-Фараби.
Оның атымен фәлсафада пайда
болған барлық негізгі мәселелер байланысты. Фәлсафадағы негізгі мәселе –
философияның дінге, сенімнің білімге қатысы туралы мәселелер.
Философиялық мәселелер аясы
– болмыс пен уақыт, ғылымның
философиялық мәселелері, басталу философиясы, тіл мәселесі, мораль
мәселесі, қоғамды қайта құру, жетілу және жетілген адам мәселесі, білім беру
мәселесі. Фәлсафа тәсілдері – логика, исламдық рационализм, герменевтика,
аллегориялық символизм, компаративистика, диалектика. Фәлсафа – қазіргі
391
заман
философиялық
дискурсына
қосылған
қазіргі
мұсылман
философиясының классикалық негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |