ФРАНКФУРТ МЕКТЕБІ
— XXғ. 30-шы жылдары неміс ойшылдарының
Франкфур Әлеуметтік зерттеу институты маңына шоғырлануы. Франкфурт
мектебінің бағдарламасы марксизм қаруын пайдаланып, оны қазіргі
теориялармен өңдеу. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және
культурологиялық талдау З.Фрейдтің психоанализі мен М.Хайдеггердің
іргелі онтологиясы негізінде жасалады. Бұл бағдарламаны Макс Хоркхаймер
және Теодор Адорно, кейін олардың ізбасарлары Герберт Маркузе және
Юрген Хабермас жартылай орындады. Франкфурт мектебі идеяларының
дәуірдің рухани ахуалына елеулі ықпалы болды. Мектеп дәстүрін бүгін
коммуникативті әрекет теориясын жасаған Хабермас жалғастыруда. Оның
идеяларын қазақстандық гуманитаристика да қабылдады.
ФРЕЙДИЗМ
— мәдениет, ғылым, көркем әдебиет, жалпы қоғамдық
құбылыстарды түсіндіру үшін З.Фрейдтің психологиялық ілімін қолдануға
ұмтылатын бағыт.
ФУТУРОЛОГИЯ
(лат. – болашақ) — адамзаттың болашағы туралы
мағлұмат беретін бөлім саласы. Бұл терминді 1943ж. неміс социологы
О.Флехтхайм
енгізді. Болашақты болжау мәселесімен – Г.Парсонс, Е.Ханке,
И.Бестужев-Лада, Г.Шахназаров және т.б. айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: |