1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет26/53
Дата28.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#160087
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
лекция

Дәріс мазмұны
1. Синоним сөздер және өзіне тән ерекшеліктері. Сөзді дыбысталу мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет;
2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет;
3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.
Бұл үш белгі - сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен, дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді. Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Мәселен, той-мейрам-мереке-думан-тамаша сөздерін алсақ, бұларды іштей «жалпыхалықтық қуанышты күндер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Ал той сөзі қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады (1,105 б.). Сол сияқты, семіру – шелдену – майлану – тойыну – жуандау – толу – қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғанын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Соның ішінде адамға қатысты синонимдер деп жуандау - толуды айтсақ, шелдену – майлану – тойыну - қоңдану деп жан-жануарға байланысты қолданамыз. Ал семіру сөзі екі топқа да айтылады.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар не синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, синонимдік қатарды әліпби жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа танымал дегендері ғана таңдалып алынады.
2. Синоним сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері. Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге назар аударылады: 1. Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары не сәл төмен дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, аяз, ызғырық сөздеріне қарағанда үскірік сөзінің мағыналық салмағы күшті. Сол сияқты, атақ - даңқ, белсену – құлшыну, ақылгөй, ақылшы – данагөй дегендердің соңғылары мағына жағынан басым түсетінін байқау қиын емес.
2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең, ұстаз сөзі мұғалімнен, демеуші сөзі жебеушіден, дәуір сөзі заманнан, жабу деген кілттеу сөзінің мағынасына қарағанда кең.
3.Синонимдер бір-бірінен мағыналарының аз-көбіне қарай ажыратылуы мүмкін. Мәселен, ат - көп мағыналы, ныспы - бір мағыналы.
4. Синонимдер мағыналарының деректі және дерексіз болып келуіне қарай ажыратылады: маңдай – пешене, іш – құрсақ, бала – перзент, тығу – бұқпантайлау т.б.
5. Синонимдер бір-бірінен ауыспалы мағынада қолдану-қолданылмау қарай ерекшеленеді. Мысалы: көмей мен көмекей. Пештің көмейі, тоғанның көмейі деп қолданылғанмен, адамға келгенде көмей сөзімен қатар, көмекей сөзі де қолданылады. Мысалы: көмейі (көмекейі) бүлкілдейді, көмекей безі, көмекейі белгілі.
6. Синонимдер сөз туғызуға қабілетті және қабілетсіз болып келуіне қарай өзгешеленеді. Сапар мен жол сөздерін алсақ, сапар сөзінен ұзақ сапар, сапар шегу, іссапар (командировка) деген сөз тіркестерін туғызуға болады. Ал жол сөзінен жолай, жолшыбай, жол-жөнекей, жолдама, жолдас, теміржол, жол азық, жолашар, жолаяқ, жол жүру сияқты тіл бірліктерін алуға болады. Ақша, пұл синонимдік қатарларынан ақша сөзінен ақшалы, ақшақұмар, ақшашыл деген сөздер туындаса, пұл сөзінен пұлды деген сөз алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет