1. Баламалы энергия көздеріне және күн энергиясына жалпы сипаттама



бет5/7
Дата27.12.2021
өлшемі35,1 Kb.
#128855
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
физикейшн-1 2

Күн энергиясын пайдалану жолдары
Күн энергиясын пайдалануды зерттейтін жылу энергетика ғылымның саласын — гелиотехника деп атайды . Гелиотехника проблемасын ғалымдар ғасырлар бойы зерттеп келеді, ал олардың негізгі ойлары мен идеялары іс жүзіне асыру әлі де аяқталған жоқ, керісінше жаңа идеялар туып гелиотехниканың тараулары көбейіп келеді. Ең алғашқы күн сәулесінің әсерінен жұмыс істейтін қондырғы, б.з.д. 1455ж салынған Аменофис ескерткішінде қолданғаны белгілі. Қазақ жеріндегі ғұламаларға келетін болсақ Аль - Фарабидің еңбектерінде сәулелердің айналар беттеріндегі жолын геометрияда қолданған және жарықтың табиғаты туралы қазіргі түсінікке жақын ой айтқан.

Күн энергиясын пайдалану үлкен дәрежеге жеткен жоқ, бірақ әр түрлі Күн коллекторларының өндірісі өсіп келе жатыр. АҚШ-та қазіргі уақытта осындай мыңдаған жүйе бар, алайда ыстық сумен қамтамасыз етудегі олардың үлесі 0,5%, ал қарапайым қүрылғыларды кейде парник пен басқа құрылыстарда қолданады. Күндіз жылуды көбірек жинау үшін бөлмелерде беті үлкен және жылу сыйымдылығы жақсы материал орнатады. Бұл тастар, ірі құм, майда тас, металл жэне т.с.с. болуы мүмкін. Күндіз олар жылу жинайды, ал түнде біртіндеп жылуды босатады. Мұндай құрылғылар жылыжай шаруашылықтарында пайдаланылады.

Күн энергиясын пайдаланудың негізгі бағыттары:



  • Күн энергиясын пайдаланылатын қондырғыны жасау және оны зерттеу.

  • Күн энергиясын басқа энергияға айналдыру және оны тиімді пайдалану.

  • Күн энергиясын жоғарғы температура саласында пайдалану.

  • Күн энергиясын космостық деңгейде зерттеу.

  • Күн энергиясын биотехнологияда және медицинада пайдалану. Қазіргі заманғы қоғамда мемлекеттердің Индустриялық дамуының деңгейі олардың ресурстық мүмкіндіктерімен және технологиялық қайта өңдеудің Төменгі деңгейлі өнім өндіру мөлшерімен ғана емес, технологиялық тұрғыдан ғылымды қажетсінетін , озық салалардың даму дәрежесімен де анықталады. 90 - жылдардың басынан энергетикалық және экологиялық проблемалардың өсуіне байланысты экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің үкіметтері күн энергетикасын дамытуға елеулі қаржы сала бастады

Күн сәулесін энергия көзіне айналдыру үшін,қазіргі күні “күн батареялары” кеңіненқолданылады.



Күн батареясы - фотоэлектрлік түрлендіргіштер (фотокеллер) - жылу энергиясын өндіретін күн коллекторларына қарағанда күн энергиясын тікелей электр тогына тікелей айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғылар.

Күн сәулесін жылу және электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік беретін әртүрлі құрылғылар күн энергиясын зерттеудің объектісі болып табылады (Helios грек тілінен. Helios - Күн). Фотоэлектрлік камералар мен күн коллекторларының өндірісі әртүрлі бағытта дамып келеді. Күн панельдері әртүрлі мөлшерде болады: кіріктірілген микрокалькуляторлардан бастап, төбеге орнатылатын автомобильдер мен ғимараттарға дейін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет