1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеу және өндірім нормалары



бет137/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   255
Байланысты:
Ескерту

182-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеу және өндірім нормалары
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өндірім нормалары қызметкерлерге арналған жалпы өндірім нормаларын негізге ала отырып, осы Кодекстің 181-бабында белгіленген жұмыс уақытының барабар қысқартылған ұзақтығымен белгіленеді.
3. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жұмысқа кіретін, сондай-ақ өндірісте кәсіптік оқытудан өткен он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін өндірімнің азайтылған нормалары белгіленуі мүмкін.
4. Жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың толық ұзақтығы кезінде қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу деңгейіне дейін қосымша ақы төлей алады.
Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


183-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек және тынығу режимінің ерекшеліктері
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады.
184-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің материалдық жауапкершілігін шектеу
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
17-тарау. ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР ӨЗГЕ
АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет