257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодекспен реттеледі.
Ескерту. 28-тарау 257-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-1-тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының
құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
реттеу ерекшелiктерi
Ескерту. Кодекс 28-1-тараумен толықтырылды - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
257-2-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн реттеу
Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегі "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен реттеледi.
4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ
ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
Достарыңызбен бөлісу: |