1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет184/260
Дата06.02.2022
өлшемі436,3 Kb.
#80406
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   260
Байланысты:
тест әдебиет

(«Жат қолынды»)
90) Ғ.Мүсіреповтің соғыс тақырыбына арналған романы: («Қазақ солдаты»)
91) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының кейіпкерлері: (Қайрош; Шеген мен Бораш-балалар үйіндегі достары; Ақбота-сүйген қызы; Семен Зонин, Владимир Толстов, Василий Гришин , Петр Ушаков, Сәмед Абдуллаев, командирлер: политрук Ревякин, майор Русаков, капитан Мирошник –майдандас достары)
92) Ғ.Мүсіреповтің қаһармандық бейне жасаған, адамның жан сұлулыған жырлаған патриоттық шығармасы: («Қазақ солдаты»)
93) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының 1945 жылы алғаш басылып шыққандағы аты: («Қазақ батыры»)
94) «Қазақ батырының» кейін өзгертілген аты: («Қазақ солдаты»)
95) Ғ.Мүсіреповтің Болгария,Польша, Румыния, Франция елдерінде танымал болған романы: («Қазақ солдаты»)
96) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына тән (лайықты) қатар: ( Тұңғыш әскери роман) (сатылы композициялық роман, 125 кейіпкер,150-ге тарта эпизод бар)
97) «Әуелі келісіп алайық, сіз еш нәрсені жасырмайсыз;мен еш нәрсе қоспаймын,»-деген келісім жасалып жазылған шығарма: (Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты»)
98) «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... зытып келе жатқаным- қашып келемін, артыма қарай беретінім- қорқып келемін...» Үзінді Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан алынған? («Қазақ солдаты»)
99) «Қазақ солдаты» шығармасындағы кейіпкердің шын аты: (Қайырғали Смағұлов)
100) Қайроштың балалар үйінде машықтанған мамандығы: (Шаштараз)
101)Қайроштың (Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты») соғысқан жерлері: (Кавказ, Новороссийск,Ростов, Керчь)
102) «Ала баған екі елдің ғана белгісі емес, екі түрлі дүние танудың, болған мен болашақтың шегін айырып тұрған сияқтанады...»-деген үзінді алынған Ғ.Мүсіреповтің шығармасы: ( «Қазақ солдаты»)
103) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының кейіпкері: (Ақбота)
104) «-Мүмкін, менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғаған жаңа бір өмір жатқан шығар...»-дейтін Ғ.Мүсіреповтің кейіпкері: (Қайрош)
105) Қайрош бейнесінің («Қазақ солдаты») ерекшелігі: (Отанын шексіз сүйетін жастың типтік бейнесі)
106) «Қазақ солдатында» жауынгерлер арасында Қожанасыр әңгімелерін көп білетін Қайроштың достарының бірі: (Самед Абдоллаев)
107) «Қазақ солдаты» романының кейіпкері: (Самед)
108) Ғ.Мүсіреповтің қазақ прозасындағы озық үлгідегі романы: ( «Ұлпан»,1974 ж.)
109)Қазақ ауылының жүз жылдық өмірі суреттелетін Ғ.Мүсіреповтің шығармасы: («Ұлпан»)
110) Ғ.Мүсіреповтің әйел-анаға арнаған туындыларының шоқтығы: «Ұлпан»
111). «Ұлпан» романындағы кейіпкерлер : (Есеней-Керей-Уақ биі;Ұлпан –Артықбай батырдың қызы,Есенейдің жары;Біжікен-Ұлпанның қызы;Торсан-Біжікеннің күйеуі;Мырзаш-Ұлпанды айттырған жігіт,саудагер Түленнің баласы;Аңшы Мүсіреп,Түрікпен Мүсіреп,Артықбай батыр,Шынар т.б)
112) Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней-қай шығарманың кейіпкері? (« Ұлпан»)
113.) Жас қызға үйленіп,жүрегі жұмсарып,мейірімді жанға айналған Ғ.Мүсіреповтің кейіпкері:(Есеней)
114) «Ұлпан» романындағы Ұлпанның жары,ел басқарған би (Есеней)
115) «Ұлпан» романындағы Есеней қандай кейіпкер? (Тар шеңберден шыға алмай қалған,күндесдік пен бақай есепті көкірегіне мықтап түйген жан)
116) «Ұлпан» романындағы Ұлпан қандай кейіпкер? (Елге билік айтушы,басшы,ақылгөй ана)
117 ) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы ұлпанға мұңдас әйел: (Шынар)
118) «Ұлпан» романындағы Шынар Ғ.Мүсіреповке кім болған? (Әжесі)
119) Есеней,Артықбай батыр,Шынар,Қанекей деген кейіпкерлері бар Ғ.Мүсіреповтің шығармасы («Ұлпан»)
120) Ұлпанның қызының аты: (Біжікен-Бибіжиһан)
121 ) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпанның өз қызына арамдық жасаған жігіт:(Торсан )
122) Ғ.Мүсіреповтің 1960-1970ж жазған поэмасы: («Кездеспей кеткен бір бейне»)
123 ) «Кездеспей кеткен бір бейне» (1966ж) атты қара сөзбен жазылған поэманың авторы: (Ғ.Мүсірепов)
124 ) Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасының бас кейіпкері: (Еркебұлан) (Прототипі-С.Сейфуллин)
125 ) Еркебұлан-қай шығарманың кейіпкері:(«Кездеспей кеткен бір бейне»)
126 ) Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасында әдебиетімізге қосылған тың, көркем тұлға:(Еркебұлан)
127) Ғ.Мүсіреповтің пьесалары: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»; «Ақан сері-Ақтоқты»; «Амангелді»)
128) «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Болашаққа аманат», «Ақан сері-Ақтоқты», «Амангелді» пьесаларының авторы: (Ғ.Мүсірепов)
129) Ғ.Мүсіреповтің пьесасы ( «Қыз Жібек»,1934ж)
130) Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегі»: (Музыкалық драма)
131) Ғ.Мүсіреповтің Б.Майлинмен бірге азамат соғысының ардагеріне арналған пьесасы: («Амангелді» )
132) «Амангелді» пьесасының авторы: (Ғ.Мүсірепов) (Б.Майлинмен бірге)
133) «Амангелді» киносы қай жылы түсірілді? (1938ж)
134) Ақан сері өміріне арналған пьесасы:(«Ақан сері-Ақтоқты» Ғ.Мүсірепов)
135) Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» шығармасының драмалық ерекшелігі:(трагедия )
136) Ғ.Мүсіреповтің ақ өлеңмен жазылған драмасы: («Ақан сері-Ақтоқты»)
137) Ғ.Мүсіреповтің психологиялық драмасы : («Ақан сері-Ақтоқты»,1941ж.)
138) Ғ.Мүсіреповтің драматургия саласындағы еңбегі: («Ақан сері-Ақтоқты»)
139) Ғ.Мүсірепов сомдаған сахналық бейне,өнер адамының есімі: (Ақан)
140) «Әр аралға бір қамалдым,
Өмір теңіз,табалмадым өткелін,»-деген сөздерді айтқан «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасындағы кейіпкер: (Ақан)
141) Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» драмасындағы кейіпкер:(Науан Хазірет)
142) Науан Хазірет –қай шығарманың кейіпкері?: («Ақан сері-Ақтоқты»)
143)Мәрзия, Науан, Дәмелі атты кейіпкерлері бар шығарма: («Ақан сері-Ақтоқты»)
144) Ғ. Мүсіреповтің тірідей көмілген Мәрзия атты кейіпкері бар туындысы: («Ақан сері-Ақтоқты»)
145) «...Тас қорғанда ел отыр да,
Қақпасында қазірет.
Кімге естілмек адам зары?
Жапандасың, жалғызсың,
Кімге естілмек айғайың?
...Неткен мағынасыз бос өмір?»-деген шумақтар алынған шығарма: («Ақан сері-Ақтоқты»)
146) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры мен Ғ.Мүсіреповтің осы аттас трагедиясының айырмашылығы:(Көп айырмашылығы бар)
147)Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасына (1939ж») автордың өзі енгізген әдеби бейне: (Жантық)
148) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы жырда жоқ жаңадан қосылған кейіпкерлер: (Жантық,Жарқын)
149) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Жантыққа қарсы бейне: (Жарқын)
150) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясындағы кейіпкер: (Жарқын)
151)Ғ.Мүсіреповтің мінездерін ұқсас тәсілмен жасаған сахналық бейнелері: (Сәрдәлі мен Жантық)
152) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасы басталады: (Қарабайдың монологінен)
153) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Қарабай: (Баянның әкесі)
154)1954ж қазақ жазушыларының ІІІ съезінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» драмасына жоғарғы баға берген ғалым-жазушы: (М.Әуезов)
155)Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс:(Серке Қожанқұлов) (1896-1979)
156) Солақай сыншылар «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, М.Әуезов басына әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушы:(Ғ.Мүсірепов)
157) «Үндестік деген екі дауыстың бірдейлігі емес, ең кемі екі түрлі дауыстың қиысуы емес пе. Сөз көркемдігі осы мінездес. Бір сөз бір сөзге жарығын да түсіріп тұрады.» Кімнің сөзі?: (Ғ.Мүсірепов)
158) «Ғ.Мүсірепов әрқашанда өз халқымен бірге қуанып,бірге толғанады» ,-деген пікірдің авторы:(І.Омаров)
159)Ғ.Мүсірепов –ардақты ат!Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов»-деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай... Үзіндінің авторы:(З. Қабдолов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет