Қалижан Бекхожин (1913-1990)
Туған жері: Баянауыл өлкесі, Қызыл тау
Еңбектері -40-тан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан. 20-ға тарта поэма жазған. «Әппақ-наме», «Дала комиссары», «Ақсақ құлан» т.б
Драмалық шығармалары: - «Егер жүрек шын берілсе», «Ұлан асу», «Нөсерден кейін», «Гималай сарыны» т.б
Аудармалары - Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Горький, Маяковский, Симонов, Науаи, Ғ.Ғұлам т.б еңбектерін қазақ тіліне аударған.
Қ.Бекхожиннің туған жері мен туған жылы- Павлодар атырабында (1913-1990)
Қ.Бекхожиннің «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын» өлеңінен алынған :
«Кеттім сенен жүйрік жылдар өтті деп,
Тауға тарттым миуалары тәтті деп.
Ақбас ақын атандым да, не пайда,
Балалығым қалды сенде Тәттімбет! деген үзіндінің мәні - бүгінгі ақындық пен кешегі балалықтың үзілмейтін іңкәрлігін түйсіну.
Қ.Бекхожиннің:
Көк майсада көбелектей ойнадым,
Жалғыз ғана бір бақытты ойладым.
Сол бақытым-өткен сенде ойыным
Жалғыз ғана сол қызыққа тоймадым. деген өлең шумағы алынған шығармасы- «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын»
«Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз», «Мариям Жагорқызы», «Ақсақ Темір мен ақын» шығармаларының авторы- Қ.Бекхожин.
«Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін» деп басталатын «Ақсақ Темір мен ақын» шығ-ң авторы-Қ.Бекхожин.
Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасы лириканың қай түріне жатады? -баллада
Достарыңызбен бөлісу: |