1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Формативті (ағымдық) бағалау туралы жазыныз



бет5/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы
3 сынып ҚМЖ жаңа.472-бұйоық., Japonya’da birleştirilmiş sınıf uygulamaları ve tarihçesi-, Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
7.Формативті (ағымдық) бағалау туралы жазыныз
Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.
Формативті бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі. Формативті бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды. Формативті бағалау білім алушылардың оқу процесінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді. Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн. Формативті бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.
8.Қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін жазыныз
Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар адам өмірінің құрамдас бөлігіне айналып отырғаны белгілі. Ақпараттар легінің толассыздығы оны тарату технологияларының әралуандылығына байланысты болып табылады. Ақпараттық технологиялар арқылы тұлғаның мәліметтерге қол жетімділігі, байланысу мүмкіндігі артты. Осы орайда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлін негіздеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ақпарат құралдары, теледидар, радио, смартфондар және т. б. отбасынан тыс тұлғаның мінез-құлық үлгісіне, қызығушылықтарына және құндылықтарына әсер ететін арнаға айналды. Осы орайда соңғы кездері тұлғалық және дәстүрлі отбасылық құндылықтардың сипаты өзгеруде. Тұлға ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жалпылама таратылған мәліметтерді алады. Әрине өзінің қызығушылықтарына бағдарлана отырып, ақпараттардың баламалы нұсқаларын да таба алады. Сондай-ақ тұлға ақпараттық технологияларды коммуникация құралы ретінде пайдаланатыны белгілі. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның орнын ауыстыру мүмкін емес медиатор рөлін де иеленді десек қателеспейміз. Отбасының бос уақытының мазмұны тәжірибе көрсеткендей, толықтай ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланумен өтеді. Мәселен, теледидар көру, компьютерде, ғаламторда отыру, ұялы телефондағы әртүрлі әлеуметтік желілерді пайдалану қазіргі отбасының әдеттегі әрекетіне айналып отырғаны белгілі. Бұл жағдай әрине алаңдатуды туындатары сөзсіз. Себебі, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы маңыздылығын ескере отырып, оның зиянды тұстарын да естен шығармау қажіттілігін алға тартады. Кез келген іс-әрекетті қадағалау мен шектеу болмайтын болса, онда адамзат өміріне қайшы келетін жағдайлардың орын алуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда отбасылық тәрбиенің жүйелігі туралы сөз де болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет